Дерматология – терінің және оның қосалқыларының – шаш пен тырнақтың, сондай-ақ шырышты қабаттардың құрылысы мен қызметін, тері, оның қосалқылары мен шырышты қабаттардың ауруларын, оларның алдын алу және емдеу әдістерін зерттейтін медицина бөлімі.
Дерматология – медицина ғылымының ең көне салаларының бірі: тері ауруларын және оларды емдеу тәсілдерін зерттеу туралы біздің заманымызға дейінгі шамамен 1,5 мың жыл бұрын жасалған құжаттық деректер бар.
Оңтүстік Кореядағы дерматология – тері обыры, псориаз, теміреткі, склеродермия, витилиго, дерматит пен экзема, терінің генетикалық аурулары, терінің вирустық инфекциялары, терінің қатерсіз ісіктері, терінің паразиттік аурулары, эритема, базалиома, қарапайым көпіршікті күлдіреуік, сақина тәрізді гранулема, шаш түсу (алопеция), гипергидроз, пигментацияның бұзылуы, терінің саңырауқұлақ инфекциялары және басқа да аурулардан зардап шегетін пациенттерді емдеуге бағытталған жоғары дамыған медицина саласы.