Неврология

Неврология – орталық және шеткі жүйке жүйесі ауруларының пайда болу мәселелерімен айналысатын, сондай-ақ олардың даму механизмдерін, симптоматикасын және диагностикалау, емдеу немесе алдын алудың ықтимал тәсілдерін зерттейтін медицина бөлімі.

Біздің заманымызда неврология өзектілігін жойған жоқ, керісінше, бұл бағыттың даму қарқыны күн санап артып келеді. Неврологиялық патологияның кең таралғаны мен алуан түрлілігін ескерсек, бұл таңғаларлық емес. Дұрыс диагноз қоюға көмектесетін техникалық база да дамуда. Қазір магнитті-резонанстық томография (МРТ), компьютерлік томография (КТ), электроэнцефалография (ЭЭГ), реоэнцефалография (РЭГ), электромиография (ЭМГ), транскраниалды доплерография (ТКДГ) және көптеген басқа әдістер қолжетімді.

Осы зерттеулердің барлығы жүйке жүйесінің жай-күйі туралы толық ақпарат беріп, патология болса, оны анықтай алады.
Оңтүстік Кореядағы неврология жоғары деңгейде және үнемі дамуын жалғастыруда. Сонымен қатар емдеу орталықтарында шығыс және батыс медицинасының әдістерімен, сондай-ақ тек заманауи технологияларды қолдана отырып ем жүргізіледі. Неврология саласындағы ауруларды емдеуде дәстүрлі корей медицинасы айтарлықтай танымал. Емдеуде қолданылатын әдістер өте тиімді.

Оңтүстік Корея клиникаларында ем жақсы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі. Өз кезегінде барлық пациенттер кең әрі жайлы палаталарға орналастырылады. Қажет болған жағдайда пациентке оны сүйемелдейтін аудармашы берілуі мүмкін. Сонымен қатар, әдетте қызметтер кешеніне көлікпен тасымалдау және қонақүйден нөмір брондау да кіреді.