Қазіргі уақытта адамның эндокриндік жүйесін ішкі секреция бездері құрайтыны белгілі. Олар адам ағзасының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені онда жүретін көптеген өмірлік маңызды процестерге жауап береді: физиологиялық тұрғыдан қалыпты даму мен жұмыс істеу, зат алмасу, репродуктивтік қызмет және т.б.
Эндокринологияның дамуы және оның медицинаның жеке саласы ретінде бөлінуі 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында болды. Оның қалыптасу кезеңінде эндемиялық зоб, Базедов ауруы және қант диабеті сияқты аурулар симптоматикасының алғашқы сипаттамалары пайда болды. Клиникалық-химиялық сынақтар арқылы ішкі секреция бездері жеке-дара емес, бірыңғай жүйеге – «эндокриндік жүйеге» тығыз байланысып әрекет ететіні анықталды.
Эндокриндік бездердің жасушалары бөлінгеннен кейін тікелей қан ағынына түсетін заттарды (гормондарды) өндіреді. Олардың дененің сыртқы бетіне шығатын өзекке өз сөлін бөлетін экзокриндік бездерден (сілекей, тер бездері, асқазан, өкпе бездері) айырмашылығы осында.
Оңтүстік Кореяның медициналық орталықтары мен клиникаларының білікті дәрігерлері қалқанша без ауруларын жүйелі диагностикалауды және оларды хирургиялық жолмен де, операциясыз әдіспен – радиойодтерапиямен де емдеуді ұсынады.
Операцияға жүгінгісі келмейтіндерге Оңтүстік Корея медицинасы қалқанша без обырын, диабетті, эндокриндік бұзылыстарды, менопаузаны, гипофиз қызметінің бұзылыстарын, бүйрек үсті бездерінің ауруларын, семіздікті емдеудің шығыс әдістемесін ұсынуға қуанышты.