Ортопедия – туа біткен ақаулардың, даму кемістіктерінің, жарақаттар немесе аурулар салдарының нәтижесі болып табылатын сүйек-бұлшықет жүйесінің деформациялары мен функцияларының бұзылуының алдын алуды, диагностикасын және емдеуін зерттейтін клиникалық медицинаның, хирургияның бөлімі. Әлемде миллиондаған адам тірек-қимыл аппаратының ауруларынан зардап шегеді. Сүйек-бұлшықет жүйесінің кез келген проблемасы адамның өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетіп, қозғалыс еркіндігін шектейді. Сондықтан бүгінде зерттеушілердің ерекше назарын ортопедия саласындағы жаңа емдеу әдістемелерін, технологияларын, алдын алу мен диагностиканы дамыту аударып отыр.
Ортопедия травматология, спорттық медицина және медициналық оңалту сияқты клиникалық медицина бөлімдерімен тығыз байланысты.