Балалық шақта ісіктердің даму себептері

Балалардағы қатерлі ісіктердің ерекшелігі — олар туылғанда-ақ қаланған генетикалық ақаудың нәтижесінде дамиды. Оның білінетін сәті бала ағзасының жеке ерекшеліктеріне байланысты. Қатерлі ісіктер алғаш рет иммунитет пен эндокриндік жүйенің жасқа байланысты қайта құрылуы кезінде, сондай-ақ тіндердің белсенді өсу кезеңдерінде пайда болады. Бұл 1–5 жас және 11–14 жас. Жас кезеңіне және ісік құрылымының ерекшеліктеріне қарай мыналарды бөледі:
Эмбриональды ісіктер: Ұрық тіндеріне ұқсас атипті жасушалардың өздеріне тән емес жерде пайда болуы нәтижесінде дамиды.
Ювенильді ісіктер: Жасөспірім кезеңде жетілген жасушалардың қайта құрылуы нәтижесінде пайда болады. Бұл кезеңде ағзаның гормондық қайта құрылуы және белсенді өсу жүреді.
Ересектер ісіктері; Өте сирек кездеседі. Балаларда олар ересектердің ұқсас жаңа түзілімдерінен ерекшеленбейді.

01
Балалар онкологиясы

Балалардағы онкологиялық аурулардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, балалардағы обыр аурулары ересектерден айырмашылығы казуистика болып табылатыны және өте сирек кездесетіні белгілі. Балалардағы қатерлі ісіктермен жалпы сырқаттанушылық салыстырмалы түрде аз және 10000 балаға шамамен 1-2 жағдайды құрайды, ал ересектерде бұл көрсеткіш ондаған есе жоғары. 

Толығырақ
Балалардағы онкологиялық аурулардың түрлері

Жасына қарай балаларда әр түрлі қатерлі аурулар басым болады. 6 жасқа дейінгі балаларда гемобластоздар — қанның зақымдануы, нейро- және нефробластома жиі кездеседі. Жасөспірімдерде және 11–12 жастағы балаларда орталық жүйке жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының ісіктері жиірек анықталады.

Гемобластоздар

Атипті жасушалар қан мен лимфаның бастапқы жасушаларынан дамиды. Бұл топқа лейкоздар (лейкемия), Ходжкин лимфомасы (лимфогранулематоз), ходжкиндік емес лимфомалар жатады. Лейкоздар балалық шақтағы онкологиялық аурулар арасында бірінші орында тұр. Көбінесе жедел түрі анықталады, созылмалы лейкоз ересектерге тән. Лейкоздардың басым көпшілігі — лимфобластты, екінші орында миелобласттылар тұр. Сараланбаған жасушалы лейкоз өте сирек диагностикаланады.  

ОЖЖ ісіктері

Қатерлі үдеріс бас миында орналасады. Бұл ісіктер негізінен жасөспірім кезеңде пайда болады, ювенильді ісіктерге жатады. ОЖЖ ісіктері астроцитомамен, эпендимомамен берілген. Жаңа түзілімдер қатерсіз. Мөлшері шағын болғанда олар ешқандай белгі бермейді. Мөлшері үлкен болғанда мидың қанмен қамтамасыз етілуін, цереброспинальды сұйықтықтың қозғалысын бұзады. Бұл бас ми функцияларының, соның ішінде ақыл-ой қызметінің өзгеруінен байқалады.

Нефробластома

Ісік 1–5 жастағы балаларда анықталады, бір, сирегірек екі бүйректі де зақымдайды. Көбінесе жалғыз белгісі іштің асимметриясы және сипап тексергенде шағын түйіннің анықталуы болып табылады. Уақтылы емделген жағдайда балалардың 80%-ы толық сауығады.

Нейробластома

Қатерлі ісік құрсақ артындағы кеңістіктің, көкірек ортасының, мойынның немесе сегізкөз-бел аймағының симпатикалық нервтерінен дамиды. Науқастардың 75%-ы — 4 жасқа дейінгі балалар. Жаңа түзілім эмбриональды ісіктерге жатады.

Остеогендік саркома

Атипті жасушалар сүйек тінінен өседі. Бұл нәтижесі қолайсыз, аса қатерлі жаңа түзілім. Алайда емдеудің жаңа әдісі тәжірибеге енгізілгеннен кейін балалардың өмір сүру көрсеткіші 28%-дан 43%-ға дейін өсті. Остеогендік саркома балалар ісіктерінің жалпы санының 10%-ын құрайды.

Юинг саркомасы

Ол да сүйек тінінде өседі. Бұл ісіктің атипті жасушалары сәулеленуге сезімталырақ, сондықтан өмір сүру көрсеткіші остеогендік саркомаға қарағанда біршама жоғары — 65%-ға дейін. Юинг саркомасы мен остеогендік саркома ювенильді ісіктерге жатады, жасөспірім жастағы ұл балаларда жиірек кездеседі.

Жұмсақ тіндер саркомасы

Ісіктер жұмсақ тіндердің жасушаларынан, әдетте бұлшықет элементтерінен өседі, мойын аймағында, жыныс жүйесі ағзаларында, сирегірек денеде, аяқ-қолдарда және көз ұясында орналасуы мүмкін. Жаңа түзілімдер ұзақ уақыт метастаз бермейді, алайда инфильтративті өсуге ие, яғни бүкіл ағзаға және көрші тіндерге өсіп енеді.

Ретинобластома

Эмбриональды жасушалардан дамитын көз торлы қабығының қатерлі ісігі. Аурушаңдықтың шыңы 2 жасқа келеді. Отбасылық жағдайлар тән.
Балаларда басқа ағзалардың қатерлі жаңа түзілімдері сирек кездеседі, әдетте олар ересектердегі ұқсас ісіктерге ұқсас болады. Балалардағы онкологиялық үдерістердің клиникалық көрінісінің бірқатар ерекшеліктері бар.

Лейкоз

Қан түзу жүйесінің қатерлі ауруы. Бастапқыда ісік тіні қан жасушаларын өндіруге жауап беретін сүйек кемігінде орналасады. Егер қан жасушасының даму барысында мутация орын алса, ол өз функцияларын орындау қабілетін жоғалтып, обыр жасушасына айналады және біртіндеп сау бағаналы жасушаларды ығыстырып шығарады. Ісік жасушаларының негізгі айрықша белгілері — олардың бақылаусыз бөліну қабілеті, лимфа түйіндеріне, көкбауырға, бауырға және басқа ағзаларға еніп, оларда патологиялық өзгерістер тудыру мүмкіндігі.