Белгілі болғандай, Оңтүстік Кореяда медицина, соның ішінде стоматология да жоғары деңгейде: барлық процедуралар медициналық қызмет көрсету сапасына қойылатын ең қатаң талаптарға сай келеді.
Оңтүстік Кореяда тіс емдеу диагностиканың барлық түрлерін, емдеуді, сондай-ақ тіс протездеуді қамтиды. Тіс емдеу кезінде корей стоматологтары әлемнің үздік өндірушілерінің тек ең сапалы материалдарын қолданады, бұл тамаша нәтижеге кепілдік береді. Барлық ірі стоматологиялық клиникалар әлемдік стандарттарға сай заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған. Осының және стоматолог дәрігерлердің жоғары біліктілігінің арқасында бүкіл емдеу процесі, соның ішінде Кореядағы тіс протездеу де іс жүзінде ауырсынусыз әрі жайлы өтеді.
Оңтүстік Кореядағы тіс имплантациясы – мүлдем ауырсынусыз әрі жарақатсыз процедура. Хирургиялық араласудан қатты қорқатын пациенттерге седация сияқты анестезия түрі сай келеді. Седация көктамырға салынған екпе нәтижесінде басталады, пациент алаңдаушылық пен қорқынышты сезбейді, тіпті уақытты да сезбейді: сондықтан үш сағаттық операциялар 15-20 минуттан аспайтын процедура ретінде қабылданады. Жалпы наркоздан айырмашылығы, тыныс алу бұзылмайды, пациент есін жоғалтпай, дәрігердің нұсқауларын орындайды.
Ем тек тістердің қызметін қалпына келтіруге ғана емес, эстетиканың маңызды аспектісіне де бағытталған: бетке қатысты мәселеде әдемі әрі мінсіз пропорцияларды жасау маңызды. Кореядағы ортодонттар жақ-бет жүйесінің дамуындағы әртүрлі ауытқуларды анықтап, түзете алады, функционалдық бөлігін қалыпқа келтіріп, эстетикалық бөлігін мінсіз етеді. Алғашқы қаралу кезінде диагностика жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша дәрігер ортодонтиялық емді қолдану қажеттілігі туралы шешім қабылдап, тиісті әдісті таңдайды. Тістесуді түзетуге арналған құрылғыларды орнату әдетте бір сағаттан аспайды, орнатқаннан кейін ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ортодонтқа ай сайын қаралу қажет.
Егер Сіз көптен бері түзу тістерді армандап, бірақ көлемді әрі дөрекі брекеттерді тағудан ұялсаңыз, бұл жаңа технология дәл Сізге арналған. Тістесуді түзетуге қолданылатын мөлдір капалар айналадағыларға іс жүзінде байқалмайды және бүкіл түзету процесі барысында сенімді күлімсіреуге мүмкіндік береді.
Лингвалды брекеттер тістердің ішкі жағына бекітіледі, сондықтан сөйлескен кезде іс жүзінде көрінбейді. Мұндай брекеттер үнемі көпшілік назарында жүретін және әлі мінсіз емес тістеріне артық назар аудартқысы келмейтін пациенттерге сай келеді.
Корей стоматологиясы Америка (FDA) және Корея (KFDA) азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау стандарттарына сәйкес ағарту жүйесін қолданады. Ол өз жұмысында Америкада кеңінен танылған сенімді әрі тиімді ағарту жүйесін пайдаланады және Кореядағы тістерді ағарту бойынша үздік клиникалардың бірі болып табылады.
Кореяның жетекші стоматологтарына жүгініңіз, сонда көп ұзамай әлдеқайда жиі күлгіңіз келеді, өйткені Сіздің күлкіңіз саулық пен аппақтықпен жарқырайтын болады.