Кардиохирургия

Кардиохирургия – жүрек-қантамыр жүйесінің патологияларын жоятын хирургия мен кардиология саласы. Атап айтқанда, кардиохирургия жүректің ишемиялық ауруын (ЖИА) емдеудің ең тиімді тәсілі болып табылады және миокард инфарктісінің дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. 

Корей кардиохирург дәрігерлерінің жетістіктері бүкіл әлемге белгілі. Олар кез келген күрделіліктегі жүрек пен қантамыр операцияларын сәтті орындайды. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның кардиохирургиясы барлық пациенттер үшін жас шектеусіз, яғни ересектер үшін де, балалар үшін де, сан алуан туа біткен/жүре пайда болған кардиоваскулярлық патологиялар кезінде кардиохирургиялық араласулардың толық ауқымын (эндоваскулярлық және ашық, жүрек трансплантациясына дейін) қамтиды, соның ішінде

Бұл бірқатар факторларға байланысты:
01

Медициналық тәжірибеге ең заманауи әдістемелер мен ғылыми әзірлемелердің енгізілуі;

02

Жоғары дәлдікті жабдықтардың, компьютерленген және роботтандырылған кешендердің, ең жаңа нанотехнологиялық дәрілік заттардың қолданылуы;

03

Жүрек пен қантамырларға сан алуан операциялар жасауда үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардың болуы;

04

Пациенттің клиникада болуының әр кезеңінде медициналық қызмет көрсетудің пациентке бағдарлануы;

05

Салыстырмалы түрде төмен бағамен медициналық қызметтердің жоғары сапасы.

06

Қостақталы (митралды) және үшжармалы (трикуспидалды) қақпақшаның стенозы кезінде;

07

Жүректің ишемиялық ауруы кезінде (қысқ.: ЖИА);

08

Аритмиялар (жүрек қызметі ырғағының бұзылуы) кезінде;

09

Резистентті артериялық гипертония кезінде;

10

Терминалдық жүрек жеткіліксіздігі және т.б. кезінде.

11

Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы, магистральдық тамырлардың транспозициясы кезінде;

12

Ашық артериялық (боталл) түтігі кезінде;

13

Қарынша аралық және жүрекше аралық перделердің ақаулары кезінде;

14

Қолқа-өкпе терезесі болған кезде (қолқа-өкпе перделерінің ақауы кезінде);

15

Қолқа-өкпе терезесі болған кезде (қолқа-өкпе перделерінің ақауы кезінде);

16

Өкпе веналарының аномальды дренажы, жалпы артериялық бағананың болуы кезінде;

17

Өкпе бағанасының стенозы кезінде;

18

Қолқа стенозы, қолқа жеткіліксіздігі кезінде;