САМСУНГ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (SAMSUNG MEDICAL CENTER)

Самсунг медициналық орталығы Оңтүстік Кореядағы ең үздік клиникалардың бірі, жыл сайынғы рейтингтерде алғашқы орындарды иеленеді, 1996 жылдан бері «Президенттік стандарттағы аурухана» мәртебесін сақтап келеді.

Орталық ең жаңа жоғары технологиялық әрі жоғары сезімталдықтағы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған. Науқастарға қызмет көрсету және оларды емдеу деңгейі әлемдік стандарттарға сай. 2008 жылы Самсунг медициналық орталығы жанындағы Денсаулық орталығының базасында Азиядағы ең ірі Онкологиялық орталық құрылды.

Самсунг медициналық орталығы дегеніміз:

  • • 40 бөлімше
  • • 8 мамандандырылған орталық
  • • 110 мамандандырылған клиника
  • • 6500 қызметкер, 1200 дәрігер, 2000 мейірбике
  • • ауыр халдегі науқастарға арналған 40 палата, емдеуге арналған 67 палата, 20 операциялық

Денсаулық орталығы қызметінің негізгі бағыттары: онкологиялық аурулар, кәсіптік зияндылықтармен байланысты аурулар, спорттық медицина. Орталық базасында науқастарды жоғары тиімді әрі толық тексеру бағдарламалары әзірленген, оның ішінде қажет болған жағдайда тексеру кезінде науқастың стационарда жатуын қамтитын бағдарламалар бар; олар дәрігер кеңестерін, зертханалық және аспаптық тексеру түрлерін қамтиды. Тексеру нәтижелері бойынша куратор-дәрігер диагноз қойып, тиісті ем тағайындайды. Кореяда қысқа уақыт болатын туристер үшін орталық 2-5 сағат ішінде (бағдарлама көлеміне байланысты) өтуге болатын бірқатар денсаулықты тексеру бағдарламаларын ұсынады. Тексеру нәтижелерін, қажетті кеңестер мен дәрігер ұсыныстарын 3-10 күннен кейін алуға болады.

Ғимараттар мен жүйелер:

  • • Операциялық бөлмелер (51 бөлме)
  • • Медициналық ақпараттық жүйе
  • • Мобильді аурухана жүйесі
  • • EMR (Электрондық медициналық есеп)
  • • Толық PACS (бейнелерді мұрағаттау және тарату жүйесі)
  • • Төбеге бекітілген аспалы жүйе
  • • Қатерлі ісікті амбулаториялық емдеу орталығы
  • • Телемедицина (Мейо клиникасымен)

Жабдықтар:

  • • Томотерапия (1)
  • • Бейнемен басқарылатын сәулелік терапия (1)
  • • Роботтандырылған хирургия – Да Винчи жүйесі (1)
  • • MR-HIFU(1)
  • • PET-CT (4)
  • • MRI (7)
  • • CT (9)
  • • Сызықтық үдеткішпен терапия (5)
  • • Гамма пышақ (1)
  • • Жедел жәрдемнің медициналық тікұшағы (Кореядағы жалғыз)

КЛИНИКАҒА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН ҚОНАҚҮЙЛЕР:

  1. Grand Intercontinental Hotel (5 Stars) KRW 296,450 (2014) (ауруханадан көлікпен 10 мин.)
  2. COEX Intercontinental Hotel (5 Stars) KRW 290,400(2014) (ауруханадан көлікпен 20 мин.)
  3. RenaissanceHotel (5 Stars) KRW361,790(2013) (ауруханадан көлікпен 30 мин.)
  4. Mercure Ambassador Hotel (4 Stars) KRW 308,000(2014) (ауруханадан көлікпен 30 мин.)
  5. rovistaHotel (4 Stars) KRW154,000(2014) (ауруханадан көлікпен 30 мин.)
  6. lluiHotel (4 Stars) KRW138,420(2014) (ауруханадан көлікпен 30 мин.)
  7. The Designers Hotel (3 Stars) KRW 185,000 (ауруханадан көлікпен 30 мин.)
  8. Karak Hotel (3 Stars) KRW 108,000 (Twin Room : KRW 115,000) (ауруханадан көлікпен 30 мин.)
  9. California Hotel (3 Stars) KRW 99,000 (Twin Room : KRW 121,000) (ауруханадан көлікпен 15 мин.)

РЕЗИДЕНЦИЯЛАР