“Северанс” университеттік клиникасын (Сеул қ., Ёнсе университеті) 1885 жылы америкалық миссионер-дәрігер Аллен құрған. Бұл Кореядағы батыс үлгісіндегі алғашқы мемлекеттік медициналық мекеме болды. Аурухана жылдам дамып, корей заманауи медицинасының көшбасшысына айналды.
1983 жылы Ёнсе университетінің денсаулық сақтау жүйесі тағы бір клиника — Северанс-Каннамды құрды.
2007 жылы «Северанс» АҚШ-тың JCI (Joint Commission International) аккредитациясын алған алғашқы корей клиникасы әрі әлемдегі ең ірі аурухана болды. Әлемнің Еуропа, Азия және Африканы қоса алғанда 23 елінде мұндай аккредитацияны тек 125 медициналық мекеме алған, бірақ олардың саны жыл сайын өсіп келеді.
Бүгінгі таңда «Северанс» — медицинаның барлық салаларында заманауи әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары білікті көмек көрсететін Азиядағы ең ірі көпбейінді аурухана. Бұл — Оңтүстік Кореяның «бірінші нөмірлі клиникасы».
«Северанс» қызметкерлерінің құрамында 1229 дәрігер, 395 профессор, 135 ординатор, 700 интерн-дәрігер, 1755 мейіргер және 1245 қызмет көрсетуші қызметкер бар. Жыл сайын мұнда 660 000 пациент стационарда, ал 1,6 млн пациент амбулаториялық жағдайда ем алады. Ёнсе университетіндегі Северанстың бас ғимаратынан басқа аурухананың 6 филиалы бар.
«Северанс» ауруханасы — тұтас медициналық қалашық (120-дан астам ғимарат), оның құрамында 60 мамандандырылған бөлімше және 5 орталық бар: Трансплантология орталығы; Гастроэнтерология орталығы, Нейрохирургия орталығы, Онкологиялық орталық, Офтальмология және оториноларингология орталығы, Жүрек-қантамыр клиникасы, Педиатриялық клиника, Оңалту клиникасы, сондай-ақ жыл сайын Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің хирургтары оқудан өтетін «Да Винчи роботы» роботтандырылған аз инвазивті операциялардың халықаралық оқу орталығы.
“Северанс” госпиталі келесі салаларда медициналық көмек көрсетеді: онкология, акушерлік және гинекология, аллергиялық аурулар және иммунология, анестезиология, гастроэнтерология, гематология, генетика, балалар, жалпы, ортопедиялық, пластикалық және торакалды хирургия, дерматология, жұқпалы аурулар, зертханалық зерттеулер, неврология, нейрохирургия, нефрология, педиатрия, пульмонология, радиология, ревматология, отбасылық медицина, урология, эндокринология және метаболизм, сондай-ақ обырды ерте диагностикалау жүргізілетін ядролық медицина.
Бұл клиникада көптеген операциялар «Да Винчи» робот-ассистенттік кешенінің көмегімен жасалады. Осы роботтың көмегімен жасалатын операциялар заманауи лапароскопияда сапалық секіріс жасауға мүмкіндік берді. Тәжірибелі хирург басқаратын робот көмегімен жасалатын операцияның артықшылығы — ауруханада жату және операциядан кейінгі оңалту мерзімдерінің қысқаруы
Онкологиялық орталық Кореядағы ең үздік орталық болып саналады, онда обыр ауруларын ерте диагностикалаудың барлық ең заманауи әдістері — соңғы буын аппараттарындағы КТ, МРТ, ПЭТ, ПЭТ/КТ, сондай-ақ сәулелік емдеу әдістері — IMRT (томотерапия), радиохирургия, гипертермия қолданылады. Орталық Андерсен және Джон Хопкинс атындағы әйгілі америкалық онкология орталықтарымен ынтымақтасады.
Оңалту орталығында инсульт, омыртқа мен аяқ-қолға операция жасатқан, созылмалы ауырсыну синдромдары бар пациенттерге арналған мамандандырылған бағдарламалар ұсынылады.
Кардиология, балалар кардиологиясы және кардиохирургия бөлімшелерін, емхананы және он мамандандырылған клиниканы қамтитын Жүрек-қантамыр орталығы жүрек-қантамыр ауруларын емдеудің қазіргі әлемде бар толық спектрін ұсыну үшін ересектер мен балаларды қабылдайды
Педиатриялық клиника — балалар ауруларын, соның ішінде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеумен айналысатын Кореядағы ең ірі (200 орынға арналған) клиника. Клиника дәрігерлері Филадельфия балалар клиникасымен (АҚШ) ынтымақтасады.
Халықаралық медициналық орталықтағы "Северанс" әйелдер клиникасы гинекологиялық аурулар мен сүт безі ауруларын диагностикалау мен емдеудің жоғары білікті әдістерін ұсынады. Гинекологиялық тексеру, онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу, контрацептивтерді қолдану бойынша кеңес беру, етеккір циклінің бұзылыстары бойынша кеңес беру — осы медициналық қызметтердің барлығын әйелдер клиникасына жүгіну арқылы алуға болады.
Офтальмология және ЛОР-патология орталығында күн сайын 950 операция жасалады. Интраоперациялық МРТ мен «Да Винчи» роботтандырылған жүйесін қолдана отырып, кез келген күрделіліктегі реконструктивті хирургия өте жоғары деңгейде ұсынылған.
Госпитальдың медициналық қызметтерінің қатарында VIP деңгейлі қызмет көрсетілетін жоғары технологиялық check-up бағдарламалары бар.
EVER8 резиденциясы
Резиденция мекенжайы: Korea, Seoul, Seodaemun-gu, ShinchonnYeok-ro 7
Жаңа ғимарат, 230 нөмір
Мейрамхана, фитнес-орталық, бизнес-орталық, конференц-зал, кафетерий бар.
Нөмірлердің құны 95.000 корей вонынан бастап - шамамен 95$
Casaville резиденциясы
Резиденция мекенжайы: Korea, Seoul, Seodaemun-gu, Nogosan-dong 57-26
Госпитальдан жаяу 15 минуттық, диагностикалық орталықтан таксимен 20 минуттық жерде орналасқан.
Әр нөмірде ас үй бар
Нөмірлердің құны 83.000 корей вонынан бастап - шамамен 83$
http://www.casaville-shinchon.co.kr/eng/index.php
Мотель
Мекенжайы: Korea, Seoul, Seodaemun-gu, Changcheon-dong 29-51
Госпиталь пациенттері үшін арнайы ашылған жаңа 8 қабатты ғимарат. Ортақ ас үй бар. Госпитальдан жаяу 15 минуттық жерде орналасқан. Орыс тілінде сөйлейтін қызметкерлер жұмыс істейді. Тегін интернет және орыс телеарналары бар.
Нөмірлердің құны:
60.000 корей воны – жұмыс күндері – шамамен 60$
80.000 корей воны – демалыс және мереке күндері. шамамен 80$
Fraser Central
Қонақүй мекенжайы: Korea, Seoul, Jung-gu, Uiju 1-Ga 202
http://www.fraserplace.co.kr/eng_index.php
Fraser Namdaemun
Қонақүй мекенжайы : Korea, Seoul, Jung-gu, Sejong- daero 58
http://namdaemun-seoul.frasershospitality.com
Қонақүйлер Сеулдің орталық ауданында, теміржол вокзалына жақын, госпитальдан көлікпен 15-20 минуттық жерде орналасқан. Нөмірлерде ас үй, кір жуғыш машина бар.
Нөмірлердің құны 145.000 корей вонынан бастап - шамамен 145$
Vabien
Қонақүй мекенжайы:Korea, Seoul, Jung-gu, Uiju 1-Ga 32-2
Қонақүй госпитальдан көлікпен 15-20 минуттық жерде орналасқан. Әр нөмірде ас үй бар. Нөмірлердің құны 150.000 корей вонынан бастап - шамамен 150$
http://www.vabiensuite.com/ENG/DA/?M=A1a