ЧУН-АНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГОСПИТАЛІ (CHUNG-ANG UNIVERSITY HOSPITAL)

Чунг-Анг көпбейінді университеттік клиникасы 1968 жылы жұмысын бастап, Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау министрлігінің үздік медициналық мекемелерінің қатарына тез арада кірді және көптеген елеулі нәтижелерге қол жеткізді.

Дәл Чунг-Анг университетінің ауруханасы 1987 жылы қашықтықтан соққы-толқынды литотрипсияны, 1989 жылы пельвиоскопиялық операцияны сәтті жасаған алғашқы оңтүстіккореялық клиника болды, ал 1990 жылы мұнда алғаш рет лапароскопиялық холецистэктомия жасалды. 1999 жылы аурухананың гинекологиялық орталығында 4000-нан астам сәтті лапароскопиялық операция жасап, Чунг-Анг оңтүстіккореялық ауруханалар арасында рекорд орнатты.

2010 жылы медициналық орталық 900 төсек-орынға дейін кеңейіп, тағы бір қадам алға басты.

Чунг-Анг медициналық орталығының бөлімшелері:

Эндокринология бөлімшесі (қалқанша без аурулары);

Гастроэнтерология бөлімшесі;

Кардиоваскулярлық орталық:

Жүрекке жасалған 10000-нан астам операция (коронарлық тамырларды стенттеу және аорта-коронарлық шунттау)

Коронарлық тамырлардың кәсіби ультрадыбыстық терапиясы

«Жасанды жүрек» қондырғысының көмегімен жасалатын операциялар

Электрокардиостимуляторлар мен кардиовертер-дефибрилляторларды имплантациялау

Жүрек ауруларын зерттейтін жеке зертхана

Омыртқа аурулары орталығы

Нейрохирургия бөлімшесі

Буын аурулары орталығы

Ең жаңа медициналық аппаратура ең жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді: Да Винчи роботы, ПЭТ-КТ, МРТ (қуаты 3 тесла), 256 кесіндіге арналған компьютерлік томография, позитрондық-эмиссиялық томография.