УРИДЫЛЬ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КЛИНИКАСЫ (WOORIDUL SPINE HOSPITAL)

1. Клиника туралы.

JCI *(Біріккен халықаралық комиссия) аккредитациясын алған алғашқы мамандандырылған клиника.

JCI нормаларының негізгі элементтері

JCI нормалары пациенттермен жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне ғана емес, клиенттердің айналасындағы ұйымдық құрылымға да қатысты. Барлық процестер жалпы саны 1,200 өлшенетін нормаға сілтеме жасай отырып бағаланады. Ең маңызды міндеттердің бірі – халықаралық пациенттердің қауіпсіздігі. Аккредитацияға құқық алу үшін мына алты норманы сақтау ең төменгі талап болып табылады.

• Кез келген жағдайда пациенттерді дұрыс сәйкестендіру

• Емдеу процесі аясындағы тиімді коммуникация әдістері

• Қауіпті дәрілерді ықтимал қауіпсіз пайдалану

• Дұрыс процедура арқылы дұрыс араласуды қамтамасыз ету

• Инфекция қаупін азайту

• Құлау қаупін азайту

*JCI (Біріккен халықаралық комиссия)

АҚШ-та орналасқан Біріккен халықаралық комиссия (JCI) халықаралық медициналық ұйымдарды бағалайды, медициналық қызметтерді объективті түрде бағалап, құжаттайды, сондай-ақ пациенттер емделу кезінде ең жақсы жағдайларды қамтамасыз ету үшін халықаралық нормаларды белгілейді. Медициналық қызметтердің сапа деңгейі мен пациенттер қауіпсіздігін мұқият аттестаттау негізінде аккредитация береді.

2. Емдеу және диагностика.

Бірінші орында – отасыз емдеу әдістері

Уридыль ауруханасында ота жасауға асықпайды. Нақты диагностикалық тесттердің бес деңгейі отаның қажеттілігін немесе хирургиялық емес емдеу мүмкіндігін анықтайды.

Нақты диагностика мен емдеуге арналған бес тексеру: 1) пациенттің симптомдары, рентген және тексеру 2) МРТ (жұмсақ тіндерді, омыртқааралық дискілерді, жүйке ұштарын тексеру) 3) КТ (омыртқаларды, байламдарды, омыртқа буындарын тексеру) 4) Миелография (жұлынды тексеру) 5) Омыртқаның жүйке ұштарының қызметін тексеру (термография, дискография, ЭМГ, бұлшықет қызметі, қозғалысты үш өлшемді талдау).

Уридыль ауруханасының медициналық тексеру және сауықтыру орталығында кешенді базалық бағдарлама бойынша тексеруден өтіп, өз таңдауыңыз бойынша тест тапсыра аласыз.

2.2. Жаңа хирургиялық технологиялар.

Уридыль ауруханасы жүйке-бұлшықет жүйесі ауруларының толық шешімін ұсынады, оған мыналар кіреді:

Хирургиялық емдеу:
• Мойын/арқа/бел омыртқааралық дискісін эндоскопиялық лазер көмегімен емдеу (PELD/PETD/PECD)
• Жарықты лазер көмегімен ашық әдіспен алып тастау (OLD, OLM)
• Бел бөлімін лигаментопластикамен қылқанаралық бекіту (ILF)
• Жасанды омыртқааралық диск (TDR)
• Қансыз минималды инвазивті спондилодез (Mini ALIF with PPF)
• Омыртқа деформациясын түзету
• Буындардың компьютерлік навигациялық артропластикасы
• Айқасқан байламды компьютерлік навигациямен қалпына келтіру

Сондай-ақ хирургиялық емес араласу әдістері:
• Оңалту емі
• Компьютерлендірілген бейнесурет бақылауымен омыртқаны емдеу
• Физиоем процедуралары және ЕДШ

2.3. Уридыль медициналық орталығы көрсеткен минималды инвазивті спинальды хирургияның клиникалық нәтижелері әлемдегі ең үздік деп танылды.

2.3.1. Тері арқылы эндоскопиялық люмбальды дискэктомия

Консервативті (аяулы) ем мен хирургиялық отаның ортасындағы хирургия түрі. Диск тіндерін зақымдамауға мүмкіндік береді.

Технология: теріге жіңішке ине енгізгеннен кейін хирург эндоскопиялық лазер мен жоғары жиілікті термиялық әсердің көмегімен шығып кеткен дискіні емдейді. Бұл жеңілдетілген процедура, оның барысында жүйке зақымданбайды.

Тағайындалуы: физиотерапия мен консервативті ем көмектеспеген жағдайларда люмбальды диск жарығы немесе экстрафораминальды стенозы бар науқастарға ұсынылады.

Бұл әдістің артықшылықтары мынадай:
• Процедура жергілікті анестезиямен жүргізіледі, сондықтан оңай көтеріледі және егде жастағы адамдар мен қант диабетімен ауыратын науқастарға ұсынылуы мүмкін.
• Косметикалық әсер – отадан кейін тыртықтар іс жүзінде көрінбейді.
• Омыртқа денесі мен оның пульпозды ядросы сақталады, тек зақымданған жағы ғана алынады, сондықтан нейрондық жабысқақтардың пайда болу қаупі барынша азаяды.
• Қан құю қажет емес.
• Жылдам әрі қымбат емес ота, жағдайлардың 75%-ында пациенттер отадан кейінгі келесі күні-ақ ауруханадан шығарылады.
• Отадан кейін тез қалпына келу.

2.3.2. Лазер көмегімен ашық люмбальды дискэктомия.

Бұл минималды инвазивті спинальды хирургия, оның міндеттерінің бірі – тіндерді мүмкіндігінше көбірек сақтау.

Көрсетілімдер: дәстүрлі емнің немесе тіпті тері астылық эндоскопиялық лазерлік терапияның көмегімен алып тастау мүмкін болмаған күрделі омыртқааралық жарық; қылқанды өсіндінің ауытқуы, байлам мәселелері, спинальды стенозбен қатар жүретін күрделі диск аурулары; созылмалы диск аурулары.

Технология: хирург 1.5-2 см тілік жасап, жоғары жылдамдықты алмас бұрғымен артқы вертебральды құрылымдарды (тіндерді) бөліктеп алып тастайды. Содан кейін хирургиялық араласу аймағын микроскоптың 10-15 есе үлкейтуімен қарап шығады. Осыдан кейін хирург лазермен омыртқааралық жарықты немесе жүйкені қысып тұрған қалың байламдарды алып тастайды. Икемді гольмий – АИГ лазері мен радиожиілік көмегімен артқы сақиналы фиброзды қысқарту және модуляциялау бел аймағындағы ауырсынуды азайтады. Тәжірибелі хирург заманауи жабдықтың көмегімен ота процесін толығымен дәл әрі нәзік бақылай алады.

Бұл әдістің артықшылықтары мынадай:
• Бірнеше сағат бойы жүргізілетін және көптеген омыртқа денелерін бұзатын дәстүрлі дискэктомиядан айырмашылығы, лазер көмегімен ашық дискэктомия ең аз дегенде 1-2 сағат алады. Сондықтан ұзақ жалпы анестезияға немесе «ашық» отаға шыдай алмайтын егде жастағы және әлсіз адамдарға өте қолайлы.
• Үлкен тілік жасаудың қажеті жоқ, өйткені лазер көмегімен дискэктомияда кішкене тілік те жеткілікті – ота микроскоппен жүргізіледі. Ота кезінде екі ассистент-хирург және науқастың жағдайын монитор арқылы бақылап отыратын мейірбике қатысады.
• Бұрынғы әдістемелермен салыстырғанда, зақымданған омыртқалар тұрақсыздыққа байланысты бұлшықеттерге немесе сүйектерге зиян келтіруі мүмкін жағдайда бекіткіш бұранда енгізу қажет емес. Лазер көмегімен ашық дискэктомияда мұны жасаудың қажеті жоқ, өйткені ол аса дәл лазердің көмегімен жүргізіледі, бұл тіндердің зақымдану қаупін барынша азайтады.
• ОЛД 95% жағдайда сәтті. Пациенттердің көпшілігі (75%) отадан кейін 1-3 күннен немесе ең көбі бір аптадан кейін ауруханадан шығарылады; жүйкені декомпрессиялау, бекіткіш бұранда енгізу немесе спондилодез (омыртқаларды бекіту) түріндегі қосымша емді қажет ететін науқастардың үлесі небәрі 2-4%.

3. Бөлімшелер.

• Минималды инвазивті хирургия клиникасы

• Буындарды емдеудің компьютерлік-навигациялық клиникасы

• Ауырсынуды бақылаудың минималды инвазивті клиникасы

• Оңалту орталығы

КЛИНИКАҒА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН ҚОНАҚҮЙЛЕР:

Голден Сеул қонақүйі

Стандартты бір орындық нөмір 88,000 вон

1 төсегі бар стандартты екі орындық нөмір 110,000 вон

2 бөлек төсегі бар стандартты екі орындық нөмір 110,000 вон

3 бөлек төсегі бар стандартты үш орындық нөмір 132,000 вон

3 бөлек төсегі бар ТЕРЕЗЕСІЗ стандартты үш орындық нөмір 121,000 вон

1 төсегі бар ТЕРЕЗЕСІЗ стандартты екі орындық нөмір 88,000 вон

2 бөлек төсегі бар Делюкс екі орындық нөмір 132,000 вон

2 бөлек төсегі бар отбасылық екі орындық нөмір 154,000 вон

Таңғы ас (швед үстелі) 15,400 вон

Тегін қызметтер

Бүкіл қонақүй аумағында Wi-Fi

10-қабаттағы фитнес-орталық

2-қабаттағы бизнес-орталық, химиялық тазалау

Трансфер (Уридыль ауруханасы <–> Голден Сеул қонақүйі)


LOtte city hotel 5 және 9 желілердегі Gimpo Airport станциясынан жаяу небәрі 5 минут, 2-шығыс, Уридыль ауруханасынан жаяу 10 минут.
Нөмірлер мен баға (+ 10% ҚҚС есепке алынбаған)
1 төсегі бар жақсартылған екі орындық нөмір 150,000 вон
2 бөлек төсегі бар стандартты екі орындық нөмір 170,000 вон
2 бөлек төсегі бар отбасылық екі орындық нөмір 170,000 вон
2 бөлек төсегі бар делюкс екі орындық нөмір 180,000 вон
Таңғы ас 20,000 вон
http://www.lottehotel.com/city/gimpoairport/en/


Алиса мотелі орналасуы: әуежайдан алыс емес – таксимен 20 минуттай
1 төсегі бар стандартты бір орындық нөмір 40,000 вон 50,000 вон
1 төсегі бар делюкс екі орындық нөмір 60,000 вон 70,000 вон