СУН ЧОН ХЯН УНИВЕРСИТЕТТІК КЛИНИКАСЫ (СЕУЛ Қ.)(SOON CHUN HYANG UNIVERSITY HOSPITAL SEOUL)

"СунЧонХян" клиникасы "СунЧонХян" университеті жанындағы медициналық және білім беру орталығы болып табылады. Сеул қаласында төрт орталықтың құрамындағы бас аурухана орналасқан, олардың әрқайсысында орта есеппен 8 мамандандырылған бөлімше бар, мысалы: эндоскопиялық хирургия; гастроэнтерология; лазерлік терапия; травматология; буындарды емдеу; жүрек-қантамыр орталығы; тыныс алу ағзаларының аурулары; онкология. Буындарды имплантациялау кезінде клиника дәрігерлері жасанды материалды көрінетін салдарсыз және ағзада бейімделудің ең жоғары пайызымен орнатуға мүмкіндік беретін соңғы техникалық әзірлемелерді пайдаланады. Оңалту кезеңі іс жүзінде ауырсынусыз әрі өте қысқа мерзімде өтеді. 

Соңғы технологиялардың ең жаңа жабдықтары (PACS, WAMIS, TLAS, PET-CT, Multi-slice CT, 3.0T MRI, ТОМО – терапия) қолданылады, олардың көмегімен нақты диагноз қойылып, соған сәйкес тиімді емдеу әдісі таңдалады.

СунЧонХян госпиталінің негізін қалаушы – доктор Со Сок Джо әр пациентті шын жүректен жақсы көріп, оған қамқорлық жасаған, адами сүйіспеншіліктің бар күшін іс жүзінде көрсеткен белгілі әрі құрметті психотерапевт болған. Ол әрдайым адамды аурудан аспан емдейді, ал дәрігер бұл процеске тек көмектеседі деп айтатын. «СунЧонХян» госпиталінің атауы негізін қалаушының идеясымен байланысты және «аспанның еркіне ілесу және адамдарға сүйіспеншілік таныту» дегенді білдіреді.

Клиникалық бөлімшелер:

  • Гастроэнтерология
  • Пластикалық хирургия
  • Кардиология
  • Гинекология және акушерлік
  • Пульмонология және аллергология
  • Офтальмология
  • Эндокринология
  • ЛОР
  • Нефрология
  • Урология
  • Онкология және гематология
  • Физиотерапия және
  • Оңалту бөлімшесі
  • Ревматология
  • Анестезиология
  • Жұқпалы аурулар бөлімшесі
  • Отбасылық медицина
  • Педиатрия
  • Радиология
  • Неврология
  • Сәулелік терапия
  • Психиатрия
  • Зертхана
  • Дерматология
  • Патология бөлімшесі
  • Жалпы хирургия
  • Жедел жәрдем бөлімшесі
  • Кеуде және кардиоваскулярлық хирургия
  • Ядролық медицина
  • Ортопедия
  • Стоматология

Сондай-ақ Сунчонхян медициналық орталығында томотерапия емдеу орталығы бар, мұндай орталық заманауи клиникалық орталықтарда өте сирек кездеседі. Томотерапия әдісі әртүрлі орналасудағы қатерлі ісікті анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс асқазанның қайталанған обырын, тоқ ішек обырын, сондай-ақ қатерлі ісіктің емделмейтін сатыларын емдеуде тиімді. Оперативтік ем немесе жоғары дәлдіктегі терапия (анатомиялық себептерге байланысты) қарсы көрсетілген адамдар үшін томотерапиялық ем балама шешім болып табылады. Томотерапия әдісі ми мен жұлын ісіктерін, бас және простата обырын, өт қабы обырын, ұйқы безі обырын және т.б. емдеуге ұсынылады.

Госпиталь марапаттары

Сунчонхян медициналық орталықтарының желісі түрлі жетістіктері үшін ең жоғары деңгейде бірнеше рет мойындалды:

— Медициналық туризмді ілгерілету бойынша ең үздік ұйым

— Шетелдік пациенттермен жұмыс бойынша ең үздік ұйым

— Жедел инсультты емдеудегі ең үздік мекеме

— Ең үздік халықаралық эндоскопиялық орталық

— Әлемдегі ең күрделі әрі қауіпті 5 отаны жасайтын мекемелердің үздіктері қатарына кіреді

Сунчонхян көпбейінді медициналық орталықтары персоналдың аса жоғары біліктілігімен, ауқымды ғылыми қызметімен, сондай-ақ жылы шырайлы қызметімен және жайлы ахуалымен ерекшеленеді.