ДОКТОР ЛИ ЧУН ТЭКТІҢ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ КЛИНИКАСЫ (LEECHUNTEK HOSPITAL)

Ортопедия, терапия, радиология. Үміт сыйлайтын клиника

Корея Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі біздің клиникамызды екі рет үлгілі медициналық мекеме ретінде таныды. 30 жылдық тәжірибесі бар білікті қызметкерлер мамандандырылған ортопедиялық емдеу жүргізеді. Клиникада роботтандырылған артропластика, омыртқа және спорттық травматология орталықтары жұмыс істейді, олар жылына 365 күн, тәулік бойы 24 сағат қызмет көрсетеді.

Біз Кореяда алғаш болып медициналық робототехниканы қолдана отырып, жасанды буын орнату операциясын жасадық. Біздің клиника мұндай операциялар саны бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады және жасанды буын орнатудың аз инвазивті операцияларына маманданған әлемдегі жалғыз клиника.

  Медициналық робототехниканы (ROBODOC) қолдана отырып, жасанды буын орнатудың аз инвазивті хирургиясы. Бұл компьютер мен роботтың көмегімен жасалатын артропластикалық операция. 2002 жылы біз пациенттердің тез сауығуы және операциядан кейінгі ауырсынуды азайту үшін Кореяда алғаш болып жасанды буын орнатудың роботтандырылған операциялар жүйесін енгіздік. Бүгінгі күнге дейін клиникамызда 7000 операция жасалды, бұл қазіргі таңда әлемдік рекорд болып табылады. Біз әлемде алғаш болып 1) КА (тізе буынының гемиартропластикасы) кезінде роботтандырылған жүйені қолдану бағдарламасын әзірледік. Доктор Ли Чун Тэк клиникасында операциялар әр науқасқа қатаң жеке хирургиялық тәсіл таңдала отырып жоспарланады.

Мамандандырылған ортопедия бөлімшесі (омыртқа патологиясы, буын аурулары, сүйек сынықтары және басқа да ортопедиялық аурулар). Біз сондай-ақ омыртқаның ауыр ауруларын емдейміз: омыртқааралық диск жарығы, омыртқа өзегінің стенозы, дегенеративті спондилез, омыртқалардың сынуы мен шығуы және т.б. Соңғы уақытта көптеген адамдар денсаулығын нығайту мақсатында ашық ауада түрлі белсенділікпен айналысатындықтан, жарақаттар мен байламдардың зақымдану жағдайлары жиілеп келеді. Біздің клиникада артроскопиялық хирургия (иық, тізе, буын, тобық) және барлық ортопедиялық ауруларды қарқынды консервативті емдеу жүргізіледі, науқастарға сапалы күтім көрсетіледі; пациенттердің тез сауығып, белсенді күнделікті өмірге оралуы үшін барлық жағдай жасалады.

 

Мекеме түрі

Мамандандырылған аурухана

Мекенжайы

442-130. Корея Республикасы, Кёнги-до,

Сувон-щи Палдал-ry, Кё-дон, 130-1

Төсек саны, медициналық қызметкерлер

Төсек саны (186).

дәрігерлер (141).

мейіргерлер (92).

басқа қызметкерлер (87)

Шетелдік пациенттерге арналған қосымша қызметтер

pick up қызметі

(әуежайдан ауруханаға трансфер)

колл-орталық

ілесіп жүретін адамдарға қонақүй табу қызметі

Негізгі операциялардың баға тізімі

Операция

Құны

Ауруханаға жатқызу

Буынды ауыстыру (робот көмегімен)

Тізе буыны

$ 16,000

14 күн

Екі тізе буыны

$ 28,000

21 күн

Жамбас-сан буыны

$ 17,500

14 күн

Екі жамбас-сан буыны

$ 31,000

21 күн

Омыртқа

Дискэктомия

$ 10,000

14 күн

Фиксация

$ 16,000

14 күн

Тізе

Айқас байламды қалпына келтіру

$ 14,000

14 күн

Табан

Вальгусты деформация (екі табан)

$ 10,000

16 күн

Құнына кіреді...

- Операция, материалдар, VIP-палата, тексерулер, дәрі-дәрмектер, көлік

- Аударма — тегін қызмет, аудармашы ауруханада үнемі болады

Ауруханада...

- Орыс тілді арналар, орыс тағамдары, Wifi, жеке дәретхана, аурухана халаты

- Корей ұялы телефонын жалға алу

- Орыс, ағылшын, корей тілдеріндегі шығару эпикризі