ЧОНГ СИМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (CHEONGSHIM INTERNATIONAL MEDICAL CENTER)


Терапия (3 бөлімше), хирургия, акушерлік және гинекология, психиатрия, неврология, ортопедия, оториноларингология, оңалту медицинасы, нейропсихиатрия, отбасылық медицина, стоматология, анестезиология, диагностикалық радиология, диагностика, шұғыл медицина, неврология, медициналық тексеру, шығыс медицинасы (2 бөлімше)

Аурухана туралы

Чонгсим госпиталі елдегі Бірінші халықаралық клиника ретінде танылған, мұнда үздік сервис ұсынылады және клиенттердің денсаулығы мен бақытын күзететін медицина қызметкерлерінің штаты жұмыс істейді. Мұнда батыс медицинасына маманданған 12 бөлімше, шығыс медицинасының 2 бөлімі және балама медицина бөлімі жұмыс істейді. Клиникада Жапониядан 3 дәрігер, Ресейден 1 маман және осы екі елден келген үйлестірушілер қызмет етеді. Медициналық қызмет жергілікті азаматтарға да, шетелдіктерге де көрсетіледі: жыл сайын мұнда 20000 шетелдік пациент емделіп, бәрімен тең дәрежеде сапалы ем алады. MRI, 64ch MDCT, PACS, электромиография және озық техникалық әзірлемелердің арқасында нақты диагностика мен емдеу мүмкін болды, ал әр пациент үшін жеке әмбебап қызмет көрсету бағдарламасы таңдалады. Озық емдеу және оңалту әдістерінің, сондай-ақ клиника аумағының 1,322 м2-ге дейін кеңейтілуі мен елдегі үздік емдеу бөлімшелерінің арқасында қызмет түрлерін таңдау мүмкіндігі артып келеді. Болашақта Чонгсим халықаралық госпиталі жаһандық желі құру арқылы медицина саласында жоғары деңгейді көрсетіп, Кореядағы медициналық туризм нарығын жандандыруға барлық күшін салады. Жан мен тән саулығыңызды Чонгсим халықаралық госпиталінде қалпына келтіріңіз!

Мамандандырылған бағыттар

• Елдегі алғашқы халықаралық аурухана — нейротерапия (Паркинсон ауруы, Альцгеймер ауруы, инсульт)
• Миннесота медициналық институтынан келген невролог мамандар — жоғары білікті медицина қызметкерлерінің штатын кеңейту (Паркинсон ауруын емдеу орталығының және бас сүйек-ми нервтері орталығының директоры)
• Атопиялық дерматитті кешенді емдеу орталығы (қоршаған ортаның ластануынан туындайтын аурулар)
• Шығыс медицинасы әдістерімен бірлескен емдеу негізінде қоршаған ортаның ластануынан туындаған ауруларды емдеу
• Оториноларингология (жеңіл және ауыр аурулар)
• Корей, ағылшын және жапон тілдерінде сөйлейтін жоғары білікті медицина қызметкерлері (Корея мен Жапонияда оториноларингология саласында лицензия алынған.

Диагностикалық орталық

Жазылудан бастап диагностикаға дейінгі кешенді қызмет көрсету жүйесі. Орталық заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған (магнитті-резонансты томография, магнитті-резонансты ангиография, мультидетекторлы 64 кесінді компьютерлік томограф). Тексеру пациенттердің жан тынығуы үшін экологиялық таза әрі әсем ортада жүргізіледі.

Мекеме түрі

Аурухана

Мекенжайы

Кёнги-до, Капёнгун, Соликмён Сонгсанли 460

Төсек саны, медициналық қызметкерлер

Төсек саны (250), дәрігерлер (17), мейіргерлер (70), өзге қызметкерлер (20)

Шетелдік пациенттерге арналған қосымша қызметтер

- p*ck up қызметі (әуежайдан ауруханаға трансфер)
- турпакет ұсынылуы мүмкін
- алып жүрушілерді қонақүйге орналастыру қызметі