ЭППЛ ТРИ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАСЫ (APPLE TREE DENTAL CLINIC)

Эппл Три стоматологиялық клиникасы 1995 жылдан бастау алады және Коянг қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта клиника Кёнгидо провинциясындағы ең ірі стоматологиялық клиника болып табылады. Бас бөлімшенің қызметкерлері 11 дәрігер мен 50-ден астам қызметкерден тұрады.

Клиникада сапалы стоматологиялық емдеу көрсетіледі. Әр пациентке жеке тәсіл қолданылады. Клиника қызметкерлері жаңа технологиялық жаңалықтар мен медицинаның білім беру жүйесін ұштастыра отырып, кәсіби дағдыларын үнемі арттырып отырады.

Корея аумағында Эппл Три стоматологиялық клиникасының құрамында 18 клиника бар, олардың әрқайсысында бірінші дәрежелі стоматологиялық емдеу көрсетіледі.

Клиниканың мамандануы:
1. Имплантациялау
2. Пародонтология
3. Ортодонтия
4. Протездеу
5. Балалар стоматологиясы
6. Жақ-бет терапиясы
7. Жақ-бет хирургиясы
8. Эстетикалық емдеу

Эппл Три стоматологиялық клиникасының негізгі қағидаттары:
- Адамның қадір-қасиетінің құндылығы
- Қарым-қатынасты шындыққа негіздеу
- Ерекше жауапкершілік сезімі

Эппл Три клиникасының кәсіби қызметінің негізінде:
- Емдеу қызметінің жүйелі әдістемелік сапасы
- Қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру

Клиникада дезинфекциялық бақылаудың қатаң жүйесі жұмыс істейді. Жүйенің қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік бақылау мекемелерінде сертификатталған дезинфекциялық құралдар мен стерилизаторлар қолданылады.

Эппл Три стоматологиялық клиникасы шетелдік пациенттерге медициналық қызмет көрсету үшін Корея Республикасының Денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігінен ресми рұқсат алған. Клиника жанында шетелдік пациенттердің клиникада жайлы болуы үшін көп күш жұмсайтын халықаралық бөлім жұмыс істейді.