![]()
Ильсан Пэк клиникасы 1999 жылы құрылған және қазіргі уақытта 800 төсек-орынға арналған. Біздің аурухана Кёнгидо провинциясының солтүстік бөлігінде білім беру, ғылыми-зерттеу және еріктілер қызметінде басты рөл атқарады. Ең заманауи жабдықтармен жарақтандырылған мамандандырылған орталықтарға «Инданг» онкология орталығы, жедел медициналық жәрдем орталығы, жаңа туған нәрестелерге арналған өңірлік қарқынды терапия орталығы, эндоскопиялық операция орталығы, қарқынды терапия орталығы және жүрек-қан тамырлары аурулары орталығы кіреді.
Ильсан Пэк клиникасы түрлі жергілікті ұйымдармен, көпұлтты отбасыларға көмек көрсету орталықтарымен және қарт азаматтарды қолдау орталықтарымен келісімдер жасай отырып, медициналық қызмет сапасын үнемі арттырып келеді.
Медициналық тур
Медициналық қызметтерден бөлек, Коян қаласына келген соң Сіз жергілікті көрікті жерлерді тамашалай аласыз. Ильсан ауданы көз тартарлық әсем көлді саябағымен, сондай-ақ көптеген мұражайлары мен скверлерімен танымал. Біздің клиникада ем алу кезінде Сіз қаланың барлық сұлулығын тамашалай аласыз. Сонымен қатар біз Сізге саяхатыңызды одан да ыңғайлы әрі қарапайым ететін турларды іріктеп бере аламыз. 
«Vision 21» жүрек-қан тамырлары аурулары орталығы – жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерге көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жоғары білікті дәрігерлерден, медбикелерден және техникалық мамандардан тұратын медициналық ұжым. Медициналық жабдықтары (Кореяда алғаш рет ұсынылған 64 кесінділі және 320 кесінділі компьютерлік томографтар) елдегі ең үздіктерінің бірі болып табылады. Орталық пациенттерді операцияға кезең-кезеңімен дайындауды, сондай-ақ басқа бөлімшелермен (соның ішінде торакалды хирургия бөлімшесімен) бірлескен кешенді емдеу жүйесін қолданады, бұл емді барынша қысқа мерзімде сәтті аяқтауға мүмкіндік береді. Заманауи медициналық жабдықтарды пайдаланудың арқасында операцияларды тәуліктің кез келген уақытында жүргізу мүмкін болды. 2010 жылы «Vision 21» жүрек-қан тамырлары аурулары орталығының мамандары коронарлық артерияға 800 операция және 1100 стент имплантациясы операциясын жасап, денсаулық сақтау саласына орасан зор үлес қосты.
«Инданг» онкология орталығы - 2012 жылы қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын арттыру, оларға көмек көрсету және қоғамға қайта оралуына жәрдемдесу мақсатында құрылды. Орталық психикалық денсаулық бойынша медициналық кеңес беруді, оңалтуды, диетолог кеңестерін және басқа да көп нәрсені қамтитын сараланған кешенді тәсіл арқылы онкологиялық ауруларды мамандандырылған емдеуді ұсынады. 50-ден астам адамнан тұратын қамқор қызметкерлер пациенттерге арнайы күтім жасайды. Орталық қалқанша без, бауыр, өт жолдары мен ұйқы безі, сүт безі, асқазан, өкпе, жұлын және қан онкологиялық аурулары бар науқастарды емдеу мен оңалтуды жүргізетін 9 бөлімшеден тұрады. «Инданг» онкология орталығы пәнаралық бірлескен медициналық қызмет көрсету жүйесін енгізу арқылы түрлі бөлімдердің медициналық қызметкерлерінің күшімен диагностикадан бастап емдеуге дейінгі кең ауқымды медициналық қызметтер көрсетеді.
«Novalis» радиохирургия орталығы - 2000 жылы «Новалис» радиохирургиялық жабдығын игергеннен кейін 2008 жылдың ақпанына қарай орталық 1000-нан астам операция жасады, бұл Азия өңіріндегі рекордтық көрсеткіш болды. Белгілі болғандай, «Новалис» – гамма- және кибер-пышақпен қатар радиохирургияға арналған ең озық 3 қондырғының бірі, ол бас миы мен жұлын ісіктерін қоса алғанда, түрлі цереброваскулярлық және неврологиялық ауруларға қансыз операциялар жасауға мүмкіндік береді. «Novalis» радиохирургия орталығы – қансыз хирургияның жаңа дәуіріне ашылған есік.
Денсаулықты диагностикалау орталығы - біздің клиникада болуды одан да ыңғайлы әрі жағымды ету үшін денсаулықты нығайту орталығы 4 ай бойы жетілдірілді. Қазіргі уақытта орталық соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақтандырылған. Жан-жақты медициналық тексеру үшін жағдай жасалды: жалпы қарау біздің орталықтағы кешенді медициналық тексерумен алмастырылды. Орталықта жеке томограф пен эндоскопия кабинеті бар. Денсаулық жағдайы мен жеке өмір салтына қарай күнделікті өмірдегі мәселелерді, соның ішінде семіздік пен темекі шегуді шешуге арналған оңтайлы ем курсы таңдалады, сондай-ақ дәрігердің жеке кеңесі беріледі. Пациенттердің ыңғайлылығы үшін орталық арнайы бағдарламаларды ұсынады: денсаулықты тексерудің жеке бағдарламалары, клиникада жатып тексерілу. Тексеру нәтижелері бойынша кеңес сол күні беріледі.