КВАНДОНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕНГДЖИ АУРУХАНАСЫ (KWANDONG UNIVERSITY MYONGJI HOSPITAL)

Терапия, педиатрия, невропатология, психиатрия, хирургия, ортопедия, нейрохирургия, кеуде хирургиясы. Медициналық бағыттар: пластикалық хирургия, гинекология, дерматология, урология, офтальмология, оториноларингология, оңалту медицинасы, шұғыл медицина.

Отбасылық медицина, анестезиология, радиология, ядролық медицина, радиациялық онкология, өндірістік медицина, стоматология, зертханалық диагностика, зертханалық медицина.

Пациенттің денсаулығы бәрінен жоғары!

Аурухана туралы

Мёнгджи госпиталі «Пациенттің денсаулығы бәрінен жоғары!» деген ұранмен жұмыс істейді, мұнда біріктірілген медициналық жүйе үнемі дамытылып отырады. Емдеуді медицина саласындағы ең үздік мамандар жүргізеді.

Аурухананың басты артықшылығы — медициналық қызмет көрсетудің ең жаңа озық жүйесінің болуы. Бұл жүйе кардиоваскулярлық және цереброваскулярлық ауруларды емдеуге, ағзаларды транспланттауға, ауыр дәрежелі ауруларды емдеуге арналып әзірленген, дәл осы жерде Корея аумағында алғаш рет Интегративті қатерлі ісік орталығы ашылды. Астаналық аудандарда 400 және 200 төсектік медициналық орталықтардың үлкен желісі, екі жерде ірі шипажайлар және егде жастағы адамдарға арналған 40-тан астам шипажай орналасқан. Мёнгджи госпиталінде медицина саласындағы жетістіктер мен ақпараттық технологиялар бірлесе отырып, пациенттердің денсаулығына үнемі қамқорлық жасауға мүмкіндік береді («Смарт Хелф Кео»). Мұнда сондай-ақ түрлі ауруларды емдеу бойынша тұрақты клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Мёнгджи госпиталі болашаққа ұмтылады және жақын арада өзінің беделімен бүкіл әлемді мойындататын халықаралық деңгейдегі мекемеге айналуға үміттенеді.

Мекеме түрі

Көпбейінді аурухана

Интегративті қатерлі ісік орталығы

қатерлі ісікті ерте диагностикалау және емдеу, психикалық және әлеуметтік оңалту, емдеуден кейінгі кезеңдегі күтім. Қатерлі ісік бойынша 8 кәсіби орталық және 4 мамандандырылған клиника, емдеудегі пәнаралық және мультипәнаралық тәсілдер, ең жаңа медициналық жабдықты пайдалану арқасында жоғары білікті медициналық жүйенің болуы.

Бүйрек пен бауыр трансплантациясы орталығы

Цереброваскулярлық патологиялар орталығы

гибридті операциялар жүргізуге маманданған. Дәл осы орталық Азияда алғаш рет Angio мен магниттік-резонанстық томографияны, цереброваскулярлық ауруларға операция жасауға арналған арнайы хирургиялық бөлмені қолдана бастады. Мұнда пациенттер жылдам әрі дәл диагностикадан өтеді, қажет болған жағдайда ми нервтері мен қан тамырларына және т.б. операциялар жасалады. Барлық жұмыс бір жерде атқарылатынын атап өткен жөн, сондықтан госпиталь көпмақсатты көпфункционалды кәсіби орталық мәртебесіне ие. Госпиталь Азия-Тынық мұхиты нейрохирургиялық оқу-жаттығу орталығының қамқорлығымен жұмыс істейді.

Кардиоваскулярлық орталық

Кардиоваскулярлық орталық жүрек-қантамыр жүйесіне арналған ең жаңа цифрлық бейнекамераларды және солтүстік-батыс аймақтағы алғашқы физиологиялық зертхананы енгізді, онда кез келген тексеруді де жүргізуге болады. Қосымша заманауи визуализациялық жабдық пайдалануға берілді. Орталық үнемі кеңейіп, мамандануын дамытып келеді. Ең үздік әрі сапалы кескін беретін жаңа жабдық (Innova 210) енгізілді, ол аз дозамен анық кескін алуға мүмкіндік береді. Кардиоваскулярлық орталық шұғыл медициналық орталықпен және кеуде және жүрек-қантамыр хирургиясының мамандандырылған бөлімшесімен ынтымақтасады, осыған байланысты кез келген уақытта, ең қысқа мерзімде жедел медициналық топ шұғыл емдеу немесе хирургиялық араласу жүргізеді.

Кешенді диагностикалық орталық

Орталық ең жаңа медициналық жабдықпен (PET-CT, MRI, СТ, қан тамырларының ангиографиясы) жабдықталған, оның көмегімен дәл әрі жылдам диагностика жүргізіледі.

Мекенжайы

Кёнгм-до, Коянг қ., Ток Янг-гу, Хваджонг-донг 697-24, КвангДонг университеті, Мёнджи госпиталі

Төсек саны, медициналық персонал

Төсек саны (600), дәрігерлер (250), мейіргерлер (480), басқа персонал (490)

Шетелдік пациенттерге арналған қосымша қызметтер

- pick up қызметі (әуежайдан ауруханаға трансфер)
- колл-орталық
- турпакет ұсынылуы мүмкін
■ еріп жүретін адамдарды қонақүйлермен байланыстыру қызметі

Клиникаға жақын орналасқан қонақүйлер туралы ақпарат

*Мёнг-Джи ауруханасында емделетін/диагностикадан өтетін пациенттерге
тегін трансфер ұсынылады
әуежай ↔ қонақүй ↔ аурухана ↔ қонақүй ↔ әуежай
Қонақүйден ауруханаға дейін және кері тегін трансфер қызметі қонақүй Сеул қаласының аумағында және Коянг қаласының маңында орналасқан жағдайда ғана ұсынылады.

“Residence & U” резиденциясы
- құны 90$-дан бастап (таңғы аспен)

Лотте “City Hotel Gimpo Airport”
- құны 170$-дан бастап (таңғы ассыз)
* баға брондау кезеңіне байланысты өзгеруі мүмкін