КОНКУК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (KONKUK UNIVERSITY MEDICAL CENTER)


Конкук университетінің медициналық орталығы (Konkuk University Medical Center) 1931 жылы «Сахейонг» (Saheoyoung) клиникасы ретінде құрылған. Доктор Сук-Чанг Ю (Dr. Yoo, Suk-Chang) медициналық қызметтерді кең жұртшылыққа ұсынуды шын ниетпен көздеп, Кореядағы алғашқы көпбейінді госпитальді құрды. Конкук университетінің медициналық орталығы негізін қалаушының бастапқы идеясын сақтап, оны өзінің медициналық тәжірибесінде жүзеге асырады.

2005 жылы медицина саласындағы жағдайдың қарқынды өзгеруіне байланысты және жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жаңа госпиталь салынды. Нәтижесінде Конкук университетінің медициналық орталығы 83 мың м2 аумақта орналасқан, жер үстінде 13 қабаты және жер астында 4 қабаты бар мекемеге айналды. Стационарлық бөлімше 870 төсек-орынға арналған, оның ішінде реанимация бөлімшесіндегі 92 төсек-орын бар. Амбулаториялық бөлімшеде 4 ірі мамандандырылған орталығы бар 31 бөлімше жұмыс істейді.

Конкук университетінің медициналық орталығы «аз қамтылғандарды емдеуге көмек көрсету» қағидатын негізге алып және оны дамыта отырып, жоғары деңгейдегі зерттеулер, білім беру және емдеу арқылы қоғамның салауатты өміріне жәрдемдеседі.

Конкук – халықаралық деңгейде танылған мамандар жұмыс істейтін орын.  

Медицина саласында халықаралық деңгейге шығу үшін біз ең үздік мамандарды тарту үшін барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз. Бізде өз ісіне әрі кәсіби, әрі жылы жүрекпен қарайтын халықаралық деңгейде танылған мамандар жұмыс істейді.

Конкук – әлемдік деңгейдегі медициналық персонал жұмыс істейтін мамандандырылған орталықтар. 

Конкук университетінің медициналық орталығы мамандандырылған орталықтар мен клиникалар арқылы пациенттерге ең жақсы медициналық қызметтерді ұсынады. Ауруларды ерте диагностикалау мен емдеуге арналған мамандандырылған орталықтар түрлі салалардың мамандарымен ынтымақтастық жүйесі негізінде жұмыс істейді.

Конкук – ең жаңа жабдықтарды пайдаланып емдеу. 

Ең жаңа жабдықтар мен озық технологиялардың көмегімен біз нақты әрі жылдам диагностика мен емдеу жүргіземіз:

Қос көзді КТ жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалауда тиімді.

Қос көзді КТ жүрек ауруларын диагностикалауға арналған. Ол бұрынғы 64 арналы жалғыз көзді КТ-ға қарағанда екі есе жылдам түсіреді, бұл жылдам соғып тұрған жүректің нақты суреттерін тез алуға мүмкіндік береді.

ПЭТ-КТ қатерлі ісікті ерте диагностикалау үшін таптырмас құрал.

Бір тексерумен бүкіл денедегі қатерлі ісік жасушаларын нақты анықтауға мүмкіндік беретін озық жабдық. Қатерлі ісіктің ерте сатысын және деменция (ақыл-ес кемістігі) сияқты неврологиялық ауруларды нақты әрі жылдам диагностикалайды.

Ми ауруларына арналған хирургиялық жабдық.
Гамма-пышақ жіңішке гамма сәулелердің көмегімен бас сүйегін ашпай-ақ миға ота жасауға мүмкіндік береді. Гамма-пышақтың арқасында қан кету, инфекция жұқтыру немесе асқыну қаупінсіз нақты әрі жылдам ота жасауға болады.
LINAC (сызықтық үдеткіш) сәулелендіруімен ісіктерді жою Радиотерапияда қолданылатын сызықтық үдеткіш фотондық, электрондық және басқа да радиосәулелерді пайдалана отырып, адам ағзасындағы қатерлі ісік жасушаларын кішірейтеді және жояды.

Конкук – мінсіз жағдайлар.

12-қабатта орналасқан VIP корпусы 29 палатадан тұрады. Әр палатада жеке душ бөлмесі, дербес компьютер, массаж креслосы, ілесіп жүрген адамға арналған диван және шағын асүй бар. VIP-палатада ілесіп жүрген адамға кеңестер мен іскерлік кездесулер өткізуге арналған проектор мен үстел бар.

Конкук – диагностикалық орталық.

Денсаулықты тексеру тек аурулардың алдын алу мақсатында ғана емес, өмір бойы денсаулыққа қамқорлық жасайтын жаңа диагностикалық парадигманы жүзеге асыру болып табылады. Тар бейінді мамандар мен профессорлар талдауларды өздері жүргізеді. Жоғары дәлдіктегі диагностика және әр саладағы ең үздік дәрігерлерден құралған байланыстырушы емдеу жүйесі күрделі аурулар анықталған жағдайда кідіріссіз ем жүргізуді қамтамасыз етеді.

Конкук – сауықтыру бағдарламалары.

  • Кешенді сауықтыру бағдарламасы (Comprehensive Healthcare Program)
  • Толық сауықтыру бағдарламасы (Executive Healthcare program)
  • Қатерлі ісік аурулары бойынша "Star" толық сауықтыру бағдарламасы (Executive Healthcare Program on Cancer)
  • «Premium» сауықтыру бағдарламасы (Premium Healthcare Program)

Біздің бөлімшелер:

  • Жұқпалы аурулар;
  • Жалпы терапия;
  • Отоларингология;
  • Эндокринология;
  • Урология;
  • Оңалту медицинасы;
  • Ревматология;
  • Акушерлік және гинекология;
  • Ортопедиялық хирургия;
  • Гастроэнтерология;
  • Пластикалық және реконструктивтік хирургия;
  • Дерматология;
  • Нефрология;
  • Педиатрия;
  • Торакалдық хирургия;
  • Жүрек және қантамыр медицинасы;
  • Нефрология;
  • Радиациялық онкология;
  • Гематология/Онкология;
  • Нейрохирургия;
  • Патология;
  • Пульмонология/Аллергология;
  • Психиатрия;
  • Радиология;
  • Отбасылық медицина;
  • Офтальмология;
  • Зертханалық медицина;
  • Анестезиология және хирургия;
  • Ядролық медицина;
  • Шұғыл көмек бөлімшесі;
  • Стоматология.