![]()
Хангиль клиникасы — Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мамандандырылған көз ауруханасы ретінде таныған жетекші медициналық мекеме, 1985 жылғы 25 наурызда ашылған.
12 амбулаториялық кабинет, 7 операциялық, 17 зертхана, 50 төсек-орын.
Кореяда алғаш рет көз ауруханасы Корея Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі тарапынан медициналық мекеме ретінде танылып, сертификатталды*. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі Мамандандырылған көз ауруханасы мәртебесін берген Инчхондағы жалғыз аурухана*. Сонымен қатар, Денсаулық сақтандыру мәселелерін бағалау институты Хангиль ауруханасына "операциялар кезінде профилактикалық антибиотиктерді қолданудың негізділігі" санаты бойынша 1-деңгей берді>
* Медициналық мекемелерді сертификаттау — Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі медициналық мекемелердің медициналық қызмет көрсету сапасын бағалап, сертификаттау талаптарына сай келетін мекемелерге сертификат беретін жүйе.
* «Мамандандырылған аурухана» мәртебесін Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрі аурулардың белгілі бір түрлерін емдеуге бағытталған күрделі медициналық операциялар мен шаралар жүргізілетін медициналық мекемелерге береді.
Кореядағы ең озық офтальмологиялық клиникалардың бірі Хангильдің ұраны: "Жылына 365 күн біз көз саулығы туралы ойлаймыз".

Хангиль клиникасының ерекшеліктерінің бірі — Сіз көз ауруларына қатысты барлық талдаулардан бір күнде өте аласыз.

Диагностика 16 кезеңнен тұрады: Көзбен шолып тексеру - Манифест рефракция (авторефрактометр көмегімен) - Көзішілік қысымды анықтау - Қасаң қабық рефракциясы - Қасаң қабықтың қалыңдығын анықтау - Қасаң қабық топографиясы - OQAS тест - Көз түбінің ангиографиясы (F-Photo) - FDT көру өрісін талдау - OCT-оптикалық когерентті томография - Түсті көруге тест (дальтонизм) - Офтальмоплегия (қылилыққа тест) - Саңылаулы шаммен микроскопиялық талдау - BUT-талдау (көз жасы қабықшасын және оның ағуын уақыт бойынша анықтау) - Көз түбін жалпы талдау - Жалпы диагноз: үздік офтальмолог мамандар мұқият тексеруден кейін диагноз қойып, пациентке кеңес береді.
Катаракта мен көздің қасаң қабығы ауруларын қоса алғанда, түрлі көз ауруларын емдеу орталығы.

Ерекшеліктері: Катаракта операцияларының саны бойынша Кореяда 2-орын; жылына 4700 катаракта операциясы; университеттік ауруханалардың профессорлары қатарындағы 5 дәрігердің жұмысы.
Көздің күрделі аурулары болып табылатын торлы қабық ауруларын диагностикалау мен емдеудің меккесі.
Ерекшеліктері: Инчхон мен Кёнги провинциясында торлы қабыққа жасалатын операциялар саны бойынша 1-орын; жылына 4700 катаракта операциясы жасалады; университеттік ауруханаларда профессор болып жұмыс істеген 5 маманның жұмысы; клиникалық құзыреттілік бойынша елдегі ең жоғары көрсеткіштер; сапасы жағынан университеттік ауруханалардың жабдығынан асып түсетін медициналық жабдық.
Глаукоманы емдеуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған мамандандырылған орталық
Ерекшеліктері: бұл орталықта глаукоманы емдеу саласында 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 2 ардагер маман жұмыс істейді; глаукоманы емдеудің жоғары технологиялық жабдықтары қолданылады: OCT, HRT, Visucam, Pentacam және т.б.; глаукоманы емдеу саласындағы клиникалық құзыреттілік деңгейі офтальмологтар ортасында мойындалған.
Нақты, сенімді және тексерілген жоғары деңгейлі технологияларды қолдана отырып көруді түзетуге маманданған орталық – пациенттер қайтадан жақсы көру мүмкіндігіне ие болады.

Ерекшеліктері: операцияларды көзді лазермен емдеу жөніндегі оқу құралдарының авторлары, университеттік ауруханаларда профессор болып жұмыс істеген мамандар жүргізеді. Корей офтальмологтар қауымдастығының «Ласик және Ласек әдісімен операциялар жүргізетін аурухана» сертификаты бар; көз ауруларын емдеу саласында үздік көз ауруханалары деңгейіндегі ноу-хау; офтальмологияның барлық бағыттары бойынша 20 маманның өзара әрекеттесуі арқасында нақты талдау мен диагностика; лазерлік терапиямен көруді түзетуге арналған ең жаңа озық жабдықтың болуы; 22 жыл ішінде жинақталған ноу-хауды қолдана отырып, жылына 7000 операция (Ласик әдісі).
Жұмысы көздің сыртқы түрі мен функционалдық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған мамандандырылған орталық.

Ерекшеліктері: емдеуді көздің пластикалық хирургиясы саласындағы мамандар жүргізеді; көздің функциялары мен құрылымын жақсы білетін көздің пластикалық хирургиясы мамандарының ерекше шеберлігі; үйлестірушілер курсынан өткен медициналық қызметкерлер 1:1 кеңес беріп, пациенттерге операциядан кейінгі кезеңде көмектеседі; орталық жанында ең жаңа лазерлік және жоғары жиілікті жабдық қолданылатын тері күтімі мен семіздік мәселелері жөніндегі клиника жұмыс істейді.
Қылилық пен амблиопияны емдеудің оңтайлы әдістерін ұсынады, сондай-ақ балалардағы көз ауруларын емдейді.

Ерекшеліктері: балалардағы көз ауруларын мамандандырылған емдеу; балалардың көруін тексеруге арналған құрылғы көмегімен алты айлық жастан бастап көруді тексеру мүмкіндігі; емдеу, көзілдірік жазып беру және т.б. кезіндегі сараланған тәсіл; анестезиолог мамандармен тығыз өзара әрекеттестікте балаларға қауіпсіз операциялар.
Офтальмология саласындағы мамандандырылған медициналық жабдықтың 220 түрі қолданылады. Олардың көмегімен Visucam (көз алмасының артқы бөлігін оптикалық түсіру), FAG (флуоресцентті ангиография, көз алмасының артқы бөлігіндегі қан тамырларын көруге мүмкіндік береді), Pentacam (қасаң қабық құрылысын диагностикалау), ICG (қан тамырларын қалпына келтіру операциясы), ERG (көздің торлы қабығының потенциалын диагностикалау), IOL Master (көз бұршағын диагностикалау), Mel80-CRS (көруді қалпына келтіру операциясы - лазерлік терапия), IntraLasik Laser (көруді қалпына келтіру операциясы - лазерлік терапия), Vitrecfomy (көздің торлы қабығына операция) сияқты манипуляциялар жасалады.
1) www.hotelcharis.com Чарис қонақүйі, екі адамдық нөмірдің құны таңғы аспен 80.000 вон, біздің клиникаға дейін бір жаққа тегін трансфер ұсынады.
2) www.royalhotel.co.kr - Роял қонақүйі, екі адамдық нөмірдің құны таңғы ассыз 80.000 вон, таңғы аспен 100.000 вон, сондай-ақ біздің клиникаға дейін бір жаққа тегін трансфер ұсынады.
3) www.bucheonhotel.co.kr - Бучон қонақүйі, екі адамдық нөмірдің құны 100.000 вон (таңғы аспен), сондай-ақ қонақүйден біздің клиникаға дейін бір жаққа тегін трансфер ұсынады.