ТЭДЖОН Қ. СОН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (SUN MEDICAL CENTER)

Сон ауруханасы 1966 жылы ортопедиялық орталық негізінде құрылған. Аурухананың негізін қалаушы медицина ғылымдарының докторы, профессор Сон Хо Ёнгтың (1925-2004) сөздері басты тірек болды: ≪Біз әрқашан, кез келген уақытта, ешқандай шектеусіз, денсаулықты қорғау мен салауатты өмір сапасын арттыруды үнемі күзетіп, ең үздік медициналық қызмет көрсету үшін бар күшімізді саламыз.≫

Аурухананың негізін қалаушы профессор Сон Хо Ёнг Сеул университетінің медицина факультетін бітірген. Шетелде, Германияның Гейдельберг қаласында білім алған, 1966 жылдан 2002 жылға дейін Сон ауруханасының Бас директоры қызметін атқарған.

ТАРИХЫ.

1966 -Сон ортопедиялық клиникасының ашылуы
1982 -Клиниканың ≪Сон≫ ауруханасы болып қайта аталуы, жалпы медицинаның 11 бағыты бойынша 105 төсек-орынға арналған кешенді аурухана ретінде ашылуы
1983 -Оқу ауруханасы ретінде аккредиттелу
1985 -Тағы бір ≪Юсонг Сон≫ ауруханасының ашылуы, 121 төсек-орынға дейін кеңею.
1986 -Медициналық диагностика орталығының ашылуы
1990 -Жаңа ғимарат салу және жалпы медицинаның 19 бағыты бойынша 295 төсек-орынмен жаңа орынға көшу
1993 -Тэджон қ. Экспоорталығындағы көрменің ресми демеушісі болып тағайындалды -Тэджон қ. Экспоорталығындағы ≪Тэджон-93≫ көрмесінің бас ауруханасы (1993 ж. 07 тамыздан 10 қарашаға дейін) -Чунгчонг ауданындағы 1993 Сон ауруханасы (жалпы медициналық тексеру орталығының көшуі)
1996 -Жалпы медицинаның 20 бағытына дейін кеңею (702 аурухана төсек-орны)
1997 -Сон стоматологиялық ауруханасының ашылуы
2001 -2002 жылғы Футболдан Әлем Кубогын өткізу кезінде серіктес аурухана болып тағайындалды -Доктор Сон Ду Хунның Сон медициналық қорының екінші төрағасы болып тағайындалуы
2003 -PACS (диагностикалық бейнелерді беру және мұрағаттау жүйесі) енгізу және басқару
2008 -Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің бағалауы бойынша аурухана пациенттердің қанағаттануы жөнінен елдегі ең жоғары рейтингке ие болды. -Корея денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің қанағаттануы бойынша бірінші аурухана деп таңдады
2009 -≪Юсонг Сон≫ ауруханасының жалпы медицинаның 17 бағытына дейін кеңеюі (183 аурухана төсек-орны) -Медициналық сақтандыру және бағалау қызметтері қарастырған жедел инсультты емдеу бойынша бірінші орын.
2010 -Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің бағалауы бойынша жедел медициналық жәрдем көрсету жөнінен елдегі жоғары рейтингке ие болды -Сон ауруханасы қызметкерлерге қатысты ізгілікті саясат жүргізгені үшін Еңбекті қорғау министрлігінің Президенттік сыйлығына ие болды
2011 -Корея денсаулық сақтау министрлігі шетелдік пациенттерді қабылдау жөніндегі жетекші аурухана ретінде таңдады -JCI аккредиттеуінен өткен Сон стоматологиясы
2012 -Сон халықаралық медициналық диагностика орталығының ашылуы -Медициналық сақтандыру бағалауы бойынша онкологиялық аурулар хирургиясы жөнінен ең үздік аурухана болып таңдалды -Сон онкология орталығының ашылуы -Жұмыс орындарын құруға қосқан үлесі үшін Президенттік сыйлық -Global Healthcare Medical Korea министрлік марапаты
2013 -Шетелдік пациенттерді тарту үшін медициналық технологияларды дамыту жобасы таңдалды -Әлемде алғаш рет JCI аккредиттеуінен өткен медициналық орталық -Global Healthcare Medical Korea министрлік марапаты -Абу-Даби денсаулық сақтау басқармасымен шетелдік пациенттерді емдеуге арналған аурухана конвенциясы -Министрліктің конструктивтік ауруханасымен және Вьетнамның Ханой қаласындағы Бах Май университеттік ауруханасымен еңбек шарты. -Денсаулық сақтау департаменті министрлігінің жедел жәрдем орталығын марапаттауы -Медициналық сақтандыру және қызмет көрсету бағалауы бойынша жедел миокард инфарктін емдеу жөнінен бірінші орын -Ұлттық медицина өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет медалімен марапатталды
2014 -Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің жедел жәрдем медициналық ұйымдарын бағалауы бойынша бірінші орын.

Аурухананың жағдайы пациенттерге қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын жақсарту, көрсетілетін медициналық қызметтер көлемін кеңейту бағытында үлкен өзгерістерді талап етті.

Профессор Сон Хо Ёнгтың үлкен ұлы Сон Ду Хун әкесінің мұрасы бойынша аурухананың Бас директоры рөлін өз мойнына алды. Ол Католик университетінің медицина факультетін бітіріп, ортопед дәрігер мамандығын алған соң, АҚШ-та Стэнфорд университетінде білім алмасу бағдарламасы бойынша оқытушы болып жұмыс істеді.. Оңтүстік Кореяда жасанды буындарды кең көлемде өндіру енді ғана басталып жатқан еді. Болашақта жамбас-сан буындарын емдеу деңгейін арттыруды, тіпті амбулаториялық науқастарға да хирургиялық операциялар жасау мүмкіндігін беруді көздеді

Профессордың ортаншы ұлы Сон Сынг Хун Беркли университетінің экономика факультетін әкімші мамандығы бойынша бітіріп, Америкада Джорджтаун университетінің Басқару факультетінде магистр дәрежесін алды. Сити банкте қаржыгер болып жұмыс істеді, кейін отбасылық бірлескен басқаруға қосылып, қысқа уақыт ішінде аурухананы жетілдіруге ауқымды өзгерістер енгізді. Сонымен қатар өзін өмірдегі тағы бір кәсіпке – Швеция консулдығының бейресми дипломаты қызметіне арнады, оны белсенді әрі қызығушылықпен атқарады.

Профессордың кенже ұлы Сон Гёнг Хун Пенсильвания университетінің стоматология факультетін бітірді. Әкесінің талабымен отбасына көмектесу, Сон стоматологиялық клиникасын жетілдіру және оның атын бүкіл елге танымал ету үшін Тэджонға оралды.

Тэджондағы Сон ауруханасы шетел азаматтарына көрсетілетін медициналық қызметті де үнемі жетілдіріп, жақсы жаққа өзгертіп келеді. Америка, Ресей, Жапония, Моңғолия, Қытай сияқты елдердің барлық сипаттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін жүйелі түрде зерделеу шетелдік пациенттерді тиісті деңгейде қабылдап, емдеуге мүмкіндік береді, 2004 жылдан бастап OCS (рецепттерді автоматты түрде беру жүйесі), 2007 жылдан бастап PET-компьютерлік томографтарды басқаруды қолдана бастады. Аурухананың цифрлық жүйелерін пайдалану диагностика деңгейін және аса күрделі ем түрлерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін едәуір арттырды

2007 жылы Тэджонның Юсонг ауданында Сон ауруханасының жаңа ғимараты салынып, Сон стоматологиялық орталығы құрылды. Нәтижесінде Сон ауруханасы Медициналық тексеру және диагностика орталығын қоса алғанда 4 биік ғимараттан тұратын болды: Тэджон Сон ауруханасы, Джунгчон Сон ауруханасы, Юсонг Сон ауруханасы, Сон стоматологиясы.

Сон ауруханасы медициналық туризм бағытын белсенді дамыта бастаған елдегі алғашқы ауруханалардың бірі.

Сон ауруханасы медициналық туризм саласында Қытайдағы Чангсанг, Феникс, Жаңа ғасыр; Ла-шрайно, Маунтсаинаи сияқты клиникалармен ынтымақтасады.

Сон медициналық корпорациясы ел өміріне белсенді қатысып, табысы аз тұрғындарға және экономикасы мен медициналық қызметі нашар дамыған елдердің халқына кең ауқымды медициналық қызметтер көрсете отырып, қоғам игілігіне үлкен үлес қосуға тырысады. Қарттар үйлері мен Католик шіркеулеріндегі жалғызбасты қарттарға, су тасқынынан зардап шеккен аудандарда тұратын адамдарға қайырымдылық медициналық көмек көрсетеді, Моңғолиядағы балаларға тегін хирургиялық операциялар жасалды және т.б.

Омыртқа және буын аурулары орталығы

Омыртқа және буын аурулары орталығы. Сон хирургиялық ауруханасынан бастау алған, жарты ғасырлық тарихы бар омыртқа және буын аурулары орталығы табысты дамып келеді. Омыртқа, қол, аяқ аурулары, балалар хирургиясы, остеосаркома жөніндегі мамандар тәжірибесі мен жоғары біліктілігінің арқасында ең үздік медициналық қызмет көрсетеді.

Жамбас-сан буынын (жасанды буынмен) толық ауыстыру көрсеткіші бойынша бірінші деңгейлі аурухана. Сақтандыру ведомствосы өкілінің 2012 жылғы бағалауы

Дене саулығын қалпына келтіру мен физиотерапияның ең үздік жүйесі. ·Қонақүй үлгісіндегі 530 алаңда тексеру. ·Аурулардың түрлі түрлері бойынша егжей-тегжейлі қалпына келтіру және физиотерапия. ·Жеке емдеу: әр физиотерапевт бір пациентпен. ·Дене саулығын қалпына келтіру: күшейтілген бұлшықет терапиясы, физиотерапия, спорттық терапия, консервативті емдеу және т.б. 

Кешенді диагностика орталығы

Сон медициналық орталығы жанындағы Халықаралық диагностикалық орталық ауқымы жағынан әлемдегі ең ірі

жаңа буындағы медициналық тексеру орталығы болып қайта түледі

Озық медициналық жабдықтар

Жаңа буындағы диагностика жүйесі

2011 ж. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі медициналық орталықты шетелдік пациенттерді тарту бойынша озық технологиялары бар медициналық мекеме ретінде таңдады. Медициналық тексеру бөлімінде алғаш рет. 

Сон медициналық орталығының халықаралық диагностикалық орталығының озық жабдықтары Орталық ғимаратын ауруханаларды жобалаумен айналысатын әлемге әйгілі американдық HDR сәулет компаниясының жобалауының, «диагностикалық орталықтар» бөлімінде Кореяда алғаш рет алынған халықаралық сертификаттың және заманауи медициналық жабдықтарды енгізудің арқасында халықаралық деңгейдегі жаңа буындағы жаңа тұжырымдамалы диагностикалық жүйеге қол жеткізілді. (1,2,3 - Юсонг ауданында орналасқан Сон ауруханасы денсаулықты тексеру орталығына медициналық жабдықтар ұсынады.)

11 бөлімшенің кәсіби маман-дәрігерлерін орналастыру. Емдеуді түрлі бағыттар бойынша мамандандырылған кәсіби медициналық қызметкерлер жүргізеді. Аурулардың ерте анықталуы мен алдын алу мақсатында 120-дан астам тармақты қамтитын егжей-тегжейлі диагностика жүргізілгеннен кейін маман қойған диагнозға сәйкес алдын алу және емдеу жүзеге асырылады.

Сон медициналық орталығы жанындағы денсаулықты жақсарту жөніндегі халықаралық орталықтың ең үздік жүйесі Әр адамға жеке таңдалатын жеке бағдарламалардың  және мамандандырылған медициналық қызметкерлердің арқасында өмірлік циклды басқару мүмкін болады, сондай-ақ аурулардың алдын алу мен емдеуге ғана емес, бүкіл өмірге қамқорлық жасайтын сараланған жүйе жүргізіледі.

Сон стоматологиялық ауруханасы

Кешенді жүйе: ауыз қуысы хирургиясы, ортодонтия және ортопедия. 1500 операция, 7 анестезиолог маманның тұрақты кезекшілігі. Бір орындық операциядан кейінгі палата. Жеке күтім (бір медбике) 

Пластикалық хирургия, ортогнатия және бариатриялық орталық.

1)Косметология және пластикалық хирургия клиникасы көз, мұрын, контур, әжімдерді кетіру, липосакция

2)Сүт безін қалпына келтіру және пластикасы клиникасы. Сүт безін қалпына келтіру және пластикасы

3)Тыртықтардың пластикалық хирургиясы және лазерлік клиника. Тыртықтардың түрлі түрлері, қолтық астының иісі, эпиляция

4)хирургиялық: Жақ, бет, бас.

5)Терапия және пластикалық

6)Жақ-бет орталығы

7)Бариатриялық орталық

8)Медициналық дерматологиялық орталық. Лазер клиникасы, Ботокс, филлер, дақтарды кетіру, пластикалық хирургия бойынша кеңес.Дерматологиялық клиника: медициналық тері емі: ылғалдандыру, акне, әжімдерді тегістеу және серпімділік беру, пигментация, кеуектер.

Нейрохирургия орталығы

Ми қанайналымының бұзылуы клиникасы. Заманауи жабдықтар мен құралдарды қолдана отырып, ми қанайналымы бұзылуының жедел кезеңін емдеу, қауіп тобына кіретін адамдар үшін салдарларды барынша азайту, аурудың қайталануының алдын алу, дене саулығы мен отбасылық әл-ауқатты қалпына келтіру.

Бас миы тамырларының аневризмасы клиникасы. Церебралдық тамырларды зерттеуге арналған КТ (3D, 256 арна) және "МРТ" көмегімен бас миы тамырларының аневризмалары анықталады және жаңа хирургиялық емес "Coiling" емдеу әдісімен шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.

Энцефалома клиникасы. Ісік анықталған кезде Сон медициналық орталығында пациентке кешенді ем ұсынылады. (радиологиялық тексеру, ісікке қарсы ем, операциялардың түрлі түрлері)

Деменция клиникасы. Заманауи әдістер мен құралдарды қолдана отырып, орта жастағы және егде жастағы пациенттер топтары үшін деменцияның дәл диагнозын қою.

Эпилепсия клиникасы. Эпилепсияны ұзақ мерзімді консервативті емдеу және аурудың ауыр ағымында консервативті және хирургиялық әдістерді үйлестіру.

Бассүйек-ми нервтері орталығы. Арнайы медициналық топтың бірлескен жүйесі. Сон медициналық орталығының неврология, нейрохирургия және оңалту медицинасы кафедраларымен ынтымақтастық жүйесі бар. Арнайы медициналық топтары бар орталық ең дәл диагностиканы ұсынады.

Ми қанайналымының жедел бұзылуы бойынша 1-деңгей. Полисті анықтау қызметінің 2013 жылғы бағалауы.

Тәулік бойы шұғыл көмек көрсету жүйесі. ㆍБассүйек-ми нервтері бөлімі бойынша арнайы медициналық топтың тәулік бойы шұғыл көмегі ㆍДәрігер кабинеті мен цереброваскулярлық тексеру кабинеті бір жерде орналасқан (пациентпен жедел жұмыс істеу үшін).

Дене саулығын ең үздік қалпына келтіру. Физиотерапия. ㆍҚонақүйдегі фитнес-клуб сияқты жабдықталған (530 ) алаңда тексеру. ㆍЖеке емдеу: Әр физиотерапевт бір пациентпен. ㆍДене саулығын жеке қалпына келтіру: күшейтілген бұлшықет жүктемесі, физиотерапия, спорттық терапия, консервативті емдеу және т.б.

Жүрек-қан тамырлары орталығы

Тәулік бойы шұғыл медициналық емдеу жүйесі

Гипертония клиникасы . Күнделікті күтім мен консервативті емдеу арқылы интеркуррентті аурулардың алдын алу мақсатында артериялық қысымды тәулік бойы тексеру және ЭКГ жүргізу.

Жүрек катетеризациясы клиникасы. Жүрек және коронарлық артерия аурулары бар пациенттерге арналған электрокардиография, талдау және заманауи терапиялық жүйе.

Жүрек жеткіліксіздігі клиникасы. Миокард инфарктін, жүрек жеткіліксіздігін шұғыл емдеу. Кенеттен болатын өлім кезінде жедел көмек.

Аритмия клиникасы. ЭКГ немесе УДЗ жүргізу арқылы аритмияны талдау, консервативті емдеу, РКА (радиожиілікті катетерлік абляция), кардиостимулятор имплантациясы.

Жедел миокард инфарктін емдеу көрсеткіші бойынша елде бірінші орын. Полисті анықтау қызметінің 2013 жылғы желтоқсандағы бағалауы • Миокард инфарктін тәулік бойы шұғыл емдеу жүйесі • Елдің орталық бөлігіндегі жүрек пен қан тамырларын емдеудің ең көп саны

One-Stop жүйесі (диагноздан бастап емге дейін бірден) Пациенттердің ыңғайлылығы үшін дәрігер кабинеті мен цереброваскулярлық тексеру кабинеті бір жерде орналасқан.

ЛОР Орталығы

Сон ауруханасының Оториноларингология орталығында кәсіби түрде тез әрі дәл диагноз қойып, ем тағайындайды.Біздің орталық сәтті жасалған операциялардың жүз пайыздық деңгейімен және медициналық сервистің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. ЛОР (Ортаңғы құлақтың қабынуы (отиттер), қорылдау сияқты аурулары бар, бадамша безді алып тастау операциясын қажет ететін, балалардағы аденоидтары бар пациенттер - 8 461 адам, амбулаториялық науқастар 272 017 адам)

Гастроэнтерология орталығы

Асқазан-ішек жолдары клиникасы

АІЖ-ның жоғарғы (өңеш, асқазан, он екі елі ішек) және төменгі (тоқ ішек, тік ішек, анус) бөлімдерінің ауруларын диагностикалау және емдеу.

Сон гастроэнтерология орталығы ас қорыту жолдарының, ұйқы безінің, бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларын емдеумен айналысады. Қазіргі уақытта стресс пен тамақтанудың өзгеруіне байланысты асқазан, тоқ ішек, бауыр және ұйқы безі обырының саны артып, бұл ауруларды уақтылы диагностикалау мен емдеу маңызды болды.

Жедел Жәрдем Орталығы

Кідіріссіз One-Stop жүйесі

Маман дәрігерлердің бірлескен ынтымақтастығы арқылы емдеу және диагностика

Шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін медбикенің кәсіби кеңесі

Жоғары технологиялық жабдықтарды пайдалану кәсіби әрі жылдам медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді