КЁНБУК ҰЛТТЫҚ КЛИНИКАСЫ (KYUNGPOOK NATIONAL UNIVERSITY HOSPITAL)

Аурухана 1907 жылы Тэгу Донин медициналық орталығы деген атпен ашылды және 100 жылдан астам тарихи тәжірибе негізінде ең заманауи медициналық жабдықтар мен соңғы технологияларды қолдана отырып медициналық көмек көрсетеді.
Өңірлік мемлекеттік университеттер жанындағы барлық ауруханалардың ішінде Кёнбук ұлттық ауруханасының SCI-дағы жарияланымдары ең көп. Сонымен қатар аурухана Шұғыл медициналық көмек орталығы, Өңірлік онкологиялық орталық, Егде жастағы адамдарға арналған денсаулық сақтау және медицина орталығы, Жүрек-қантамыр аурулары орталығы арқылы денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қызметке өз үлесін қосады.
Дәрігерлердің біліктілігі жоғары бола тұра, Кенгбук ауруханасы үнемді емдеу жағдайларын ұсынады. Клиника асқазан, тоқ ішек, бауыр, лимфа түйіндері обыры мен өкпе обыры кезіндегі хирургиялық операциялардың сапасы бойынша Оңтүстік Кореяның медициналық мекемелері арасында жоғары орын алады, табыстылық пайызы жоғары және өлім-жітім пайызы төмен.
Жүрек-қантамыр ауруларын емдеу орталығы.
Жаңа медициналық технологияларды енгізу және үйлестіру арқасында Жүрек-қантамыр ауруларын емдеу орталығы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын емдеуді және зерттеуді жүзеге асырып, үнемі жетілдіріп отырады.
Онкологиялық ауруларды емдеу орталығы
- бір жыл ішінде асқазан обыры бойынша 500-ге жуық операция жасалды;
- хирург және онколог мамандардың бірлескен жұмысы;
- электр күйдіргіш және анастомоздық камера әдісін қолдану;
- лапароскопия әдісімен гастрэктомия.
Da Vinci Surgical System 
Роботтық хирургияның артықшылығы — үшөлшемді бейненің арқасында хирургтардың көру аясы кеңейіп, «қолмен» жасау мүмкін емес күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік алады. Оның үстіне робот көмегімен жасалатын операция кезінде қан жоғалту мен асқыну ықтималдығы аз болады, ал тіліктің аумағы кіші болғандықтан ауруханада жату және оңалту мерзімдері қысқарады (робототехниканы қолданғанда хирург экранға шығарылған бейнеге қарап операцияны қашықтан жүргізеді. Da Vinci роботы алдыңғы буын роботтарынан айырмашылығы — анағұрлым анық бейне береді және дәлірек әрі ыңғайлырақ қозғала алады.)
VERO  VERO — ісіктерді емдеуге қолданылатын заманауи сәулелік жабдық. Азия елдеріндегі жалғыз аппарат тек біздің ауруханада орнатылған. 2013 жылдың сәуірінен бастап ол ісіктерді емдеуге қолданылады.Ерекшеліктері:- Нақты уақыт режиміндегі тексеру — тексеру кезінде VERO ішкі ағзалардың барлық бейнесін монитор арқылы көрсетіп, ісікті іздеуге көмектеседі.
- Нақты уақыт режимінде обырды емдеу: жабдықтың түсіру бөлігінің 6 жақтан автоматты қозғалысы арқылы ісікті іздеуге және жоюға болады.
- Қолданылу салалары: бас пен мойын ісіктері, қуықасты безінің обыры, өкпе обыры, ас қорыту жүйесінің обыры, омыртқа ісіктері және т.б.
2007 жылы елдегі туу деңгейінің төмендігіне байланысты қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға арналған мемлекеттік жоба ретінде Кёнбук ұлттық университеті жанындағы балалар ауруханасы құрылды. Осылайша балалар ауруханасы Корея үкіметінің, Тэгу қаласы әкімшілігінің, Кёнсанбук облысы әкімшілігінің және Кёнбук университеті жанындағы ұлттық аурухананың үлкен күш-жігерінің нәтижесінде 2013 жылдың қыркүйегінде ашылды.
Клиниканың үздік мамандары