ТЕГУ ФАТИМА АУРУХАНАСЫ (DAEGU FATIMA HOSPITAL)

ТЕГУ Фатима — пациент бәрінен жоғары тұратын аурухана. Біз пациенттерді холистикалық қамқорлықпен қоршай отырып, кәсіби емдеу ұсынамыз.

ТЕГУ Фатима ауруханасы 1956 жылғы 2 шілдеде бенедиктин әйелдер монастырының негізінде барлық мұқтаж жандарға ем көрсету және халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қолдау мақсатында құрылды.

ТАРИХЫ

Фатима — Португалиядағы тыныш, шағын ауыл. 1917 жылғы 13 мамырда Бикеш Мария үш баланың алдында пайда болып, бүкіл әлемде бейбітшілікке қол жеткізу үшін Розарий дұғасын оқуды өтінді. Ол осылай қазан айына дейін әр айдың 13-і күні пайда болып отырды. Қажылар жан тыныштығы мен тепе-теңдікке қол жеткізіп, сондай-ақ айықпас науқастардың сауығуы сияқты бұрын-соңды болмаған ғажайыптарға куә болғаннан кейін Фатима бүкіл әлемде қасиетті қажылық орны ретінде танылды.

Бейбітшілік туралы өтініштер мен дұғаларға қарамастан, Ресейдегі соғыс әлі де жалғасып жатты, ал 25 маусымда Кореяда төңкеріс болды. Апа-сіңлілер миссионерлік қызметін Солтүстік Кореядағы Вонсаннан бастап, қарулы күштердің оңтүстікке шегінуімен бірге ДЕГУ-ге дейін жетті. Апа-сіңлілеріміздің дұғаларының арқасында Синнам ауданында аурухана салынып, ол Фатима ауылының құрметіне аталды. Атаудың мағынасына сәйкес, қызметкерлер Бикеш Марияның өтініштерін жүзеге асырып, оның хабарын халыққа жеткізеді.

2013. 04. 06 Улжиндегі қызметкерлерге арналған MISO білім беру институтын қайта құру құрметіне арналған салтанатты рәсім

2013. 03. 13 Вьетнамдағы Хонгнок ауруханасымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2013. 01. 13 Қола медальмен марапатталды (Қала мен ауыл тұрғындары арасындағы «Ауыл махаббаты» атты жетінші алмасу шарасы)

2013. 01. 08 Камбоджада ТЕГУ Фатима медициналық орталығы ашылды

2012.11.01 Қатерлі ісікті гипертермиямен емдеуге арналған Celcius 42 + жоғары жиілікті жабдығын пайдалануға енгізді

2012.07.13 Рентгеноскопиялық кескіндерге арналған бейнекамераларды (AXIOM Luminos ФПИ) пайдалануға енгізді

2012.07.05 ДЕГУ Білім басқармасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2012.06.22 Сеулдегі Самсунг ауруханасымен ынтымақтастық туралы актіге қол қойды

2012.06.18 Philips iU22 ультрадыбыстық жабдығын пайдалануға енгізді

2012.05.11 ТЕГУ-дегі Санжэ ауруханасымен ынтымақтастық туралы актіге қол қойды

2012.04.27 Кунви гүнмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2012.03.06 ТЕГУ және Кёнбуктегі қылмыс құрбандарын қолдау орталықтарымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2012.02.09 JVM-мен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2012.02.02 Ядролық медицинаға арналған SYMBIA E SPECT жабдығын салтанатты түрде іске қосты

2011.12.21 Нинбо қ. (Қытай) онкология орталығының өкілі Ли Хе Ри-мен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2011.12.16 Камбоджадағы Гусамак мемлекеттік ауруханасымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2011.06.08 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі берген медициналық мекемелерге арналған сертификаттау белгісін алды

2010.02.18 Медициналық жабдыққа клиникалық сынақтар жүргізуге құқығы бар мекеме ретінде аккредиттелді

1999.07.10 Жаңа бөлімшелер мен тұрақтың салтанатты ашылуы

1998.06.17 Бикеш Мария қайырымдылық мекемесінің құрылуы

1995.07.31 Аурухана Фатима ауруханасы ретінде танылды

1984.02.09 Пайдалануға цоколь қабаты, жабдықталған шатыр және 8 қабат берілді (12,7 км2, 107 палата, 503 орын)

1981.05.21 Президенттің алғысын алды

1976.09.08 Медициналық мекемені кеңейту (62 палата, 193 орын)

1972.09.08 Пайдалануға цоколь қабаты және тағы 6 қабат берілді (8,3 км2, 50 палата, 161 орын)

1965.01.01 Оқу госпиталі ретінде танылды

1962.08.22 Эдельтруд Уайстың шақырылған директор лауазымына тағайындалуы

КЛИНИКА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

· Қызметкерлер саны : 1,283

· Төсек-орын саны : 702

· Медициналық бөлімшелер саны : 23

· Мамандандырылған орталықтар мен клиникалар саны:: 17

Аумағы және ғимараттары:

- Жер аумағы : 29,239m2

- Ғимарат аумағы : 82,272.886m2

- Автотұрақ : 700 көлік

Халықаралық медициналық орталықтың ерекшелігі — брондаудан бастап төлемге дейінгі барлық рәсімдер орындалатын «бір келуде» қызмет көрсету. Ауыр науқастарды қоспағанда, шетелдік қонақтардың көпшілігі емделу кезінде тілдік қиындықтарға тап болмайды.

Халықаралық медициналық орталыққа келетін шетелдік пациенттер орталықтың үйдегідей жайлылығы мен ыңғайлылығының арқасында өздерін үйдегідей сезінеді. Сонымен қатар, шұғыл медициналық көмектің тәулік бойы көрсетілуі — маңызды фактор. Халықаралық медициналық орталық пациенттерді жан-жақты әрі тиімді емдеуді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті жасайды.

Мамандандырылған клиникалар

 Қалқанша без клиникасы
Бүкіл халықтың 3-7%-ында қалқанша без түйіндері анықталатыны белгілі, ал соңғы уақытта ультрадыбыстық құрылғылардың дамуына байланысты анықталған жағдайлар санының арту үрдісі байқалады. Соңғы кезде қалқанша бездің қатерлі ісігі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Қалқанша бездің қатерлі ісігі жағдайларының 95%-дан астамы қалқанша бездің түйінді түзілімдері түрінде көрінетіндіктен, дұрыс диагностика мен тиісті емдеу әдістері қажет. Қалқанша бездің қатерлі ісігі сондай-ақ эндокриндік ағзалардың қатерлі ісіктерінің ішіндегі ең көп таралған түрі және соңғы 10 жылда біздің елде ең жылдам өсіп келе жатқан ісіктердің бірі. Бұл аурудың таралу көрсеткіші әйелдер арасында ерлерге қарағанда 4-5 есе жоғары, көбінесе 30-50 жас аралығында кездеседі. Егер мойныңыз бұрын радиация әсеріне ұшыраса, қалқанша бездің қатерлі ісігінің пайда болу ықтималдығы жоғары. Қалқанша бездің қатерлі ісігінің кейбір түрлері генетикалық факторлар ретінде бір отбасының басқа мүшелерінде де пайда болу ықтималдығы жоғары. Қазіргі уақытта көптеген жағдайлар денсаулықты ультрадыбыстық тексеру кезінде анықталса да, көп жағдайда қалқанша бездің қатерлі ісігі Сіз жайсыздық немесе ентігу сезінгенге дейін ешқандай белгі бермейді. Қалқанша бездің қатерлі ісігі мойынның алдыңғы немесе төменгі бөлігінде түйін қолға ілінгенде, дауыстың өзгеру себебін іздеу кезінде немесе ісік өскен кезде мойынның басқа бөліктерінде лимфа түйіндері сезілгенде анықталуы мүмкін. Егер қалқанша бездің түйіні қолға ілінбесе немесе әлі өспесе, оны ультрадыбыстық жабдықтың көмегімен жіңішке инемен аспирациялау арқылы анықтауға болады. Бұдан басқа, қан талдауын, компьютерлік томографияны (КТ) немесе қалқанша без функциясына тест жүргізуге болады. ТЕГУ Фатима ауруханасының қалқанша без клиникасы қалқанша бездің барлық аурулары бойынша денсаулық сақтау шаралары мен зерттеулерді жүзеге асырады.

 Герпесті емдеу клиникасы
Бүкіл халықтың 30%-ы өмірінде кем дегенде бір рет ауыратын кең таралған ауру. Бұл ауру желшешек вирусы арқылы таралады және теріде бөртпе, нервтің зақымдануын және постгерпестік невралгияны тудырады. Соңғы уақытта бұл ауру жиі байқалып келеді және науқастардың жасаруына әрі халық арасында егде жастағы адамдар санының артуына байланысты олардың өміріне айтарлықтай әсер етеді. Біздің аурухана дерматология, анестезиология және жұқпалы аурулар бөлімшелерімен тығыз кеңесу арқылы жүйелі емдеу жүргізетін және пациенттерге ауру туралы түсінік алуға әрі жүйелі медициналық көмек алуға көмектесетін герпесті емдеу клиникасын құрды.

 Ойыс кеуде клиникасы
Насс (Nuss) операциясы біздің елде 1998 жылы енгізілгеннен бері біздің ауруханада да хирургия қарқынды дами бастады. Сонымен қатар, біз Насс операциясы бойынша екінші пакетке қатысуымыздың арқасында ең жаңа білім алдық. Біз хирургиялық рәсімдердің асқынуларының алдын алу үшін эндоскоп пен Насс пластинасын пайдалану сияқты түрлі әдістерді әзірледік және соңғы уақытта симметриялы емес ойыс кеудені және ересектердегі ойыс кеудені салыстырмалы түрде қауіпсіз емдейміз.

 Гипергидроз клиникасы 1996 жылы эндоскопиялық аппараттың көмегімен кеуделік симпатэктомия операцияларын жасай бастаған кезден бастап қазіргі уақытқа дейін біз пациенттерге сәйкес келетін түрлі емдеу әдістерін таңдауды және бай клиникалық тәжірибеміз негізінде пациенттерге көмектесуді мақсат етеміз. Бүгінгі таңда біз түрлі дәрі-дәрмекпен емдеу туралы ең заманауи ақпаратты ұсынамыз, ал жақында енгізілген ионофорез аппараты (Desweater) хирургиялық емдеуден өте алмайтын пациенттер үшін жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Біз 2 мм микроэндоскопияны пайдаланатын торакалды симпатэктомияны қоса алғанда, түрлі емдеу әдістерін ұсынамыз.

 Ересектерді иммундау клиникасы Вакцинация туралы сөз болғанда, әдетте балалар екпелері еске түседі. Вакцинация балалық шақта басталғанда инфекцияға қарсы табиғи иммунитет төмендейді, сонымен бірге балалық шақта екпе арқылы алынған иммунитет күші біз есейген сайын әлсірейді. Соның салдарынан вакцинация арқылы алдын алуға болатын аурулардан болатын өлім жағдайлары ересектер арасында көбейіп келеді. Медицинадағы жетістіктердің арқасында химиотерапия немесе иммуносупрессивті терапия алатын пациенттер саны артқан сайын ересектерді иммундаудың маңызы да артып келеді. АҚШ деректері бойынша вакцинация арқылы алдын алуға болатын аурулардан қайтыс болатын балалар саны жылына 500-ге тең, ал ересектер арасында бұл 50000-70000 жағдай. Жекелеген аурулар бойынша жыл сайын 20640 адам пневмококк инфекциясынан (пневмония, менингит), 9800 адам тұмаудан және 4050 адам В гепатитінен қайтыс болады. Сондықтан АҚШ-та 1995 жылдан бастап ересектерді вакцинациялауды күшейтіп, ересектерді дифтерия-сіреспе анатоксині (АДС), тұмау, пневмококк, гепатит, қызылша-паротит-қызамық, желшешек, менингококк және гемофильді инфекцияға қарсы негізгі иммундауға тарта бастады. Соңғы уақытта сіреспе-дифтерия-көкжөтел анатоксиніне, белдеме теміреткіге және жатыр мойны обырын тудыратын папилломаға қарсы вакциналар да ересектерді иммундауға қосылды. Салыстыратын болсақ, біздің елде В гепатиті мен тұмауға қарсы екпелерді қоспағанда, ересектерді иммундау іс жүзінде жүзеге асырылмайды. 2000 жылы 20-30 жастағы ересектер арасында қызылшаның кең таралуы балалық шақта алынған вакцинация тиімділігінің төмендеуімен түсіндіріледі. Соңғы уақытта біздің елде ересектерді иммундауға қызығушылық артып келеді, ал тиісті мекемелер ересектерді иммундау жөнінде нұсқаулық береді.