![]()
Шығыс медицинасы саласында көпжылдық емдеу тарихы бар Тэгу қаласының Шығыс медицинасы ауруханасы шығыс медицинасын негізгі орталыққа айналдыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
Тэгу қаласының Шығыс медицинасы ауруханасы емдеуді сүйіспеншілікпен, шынайылықпен, игі ниетпен және жанашырлықпен жүргізеді!
Тэгу қаласының Шығыс медицинасы университеті жанындағы Шығыс медицинасы ауруханасы — шығыс медицинасының отаны!
Ата-бабалардың рухы мен дәстүрлері сақталған Янънён базары — дәстүрлі шығыс шөптерінің жолы
Дәстүрлі шығыс медицинасын мұра етіп алған Тэгу қаласының Шығыс медицинасы университеті жаңа үміт жасау жолында батыл қадам жасайды, ал осы күштердің барлығын біріктірген Тэгу қаласының Шығыс медицинасы ауруханасы әлемге, болашаққа қарай ілгерілеуде!
Оның үстіне... Тэгу қаласының Шығыс медицинасы ауруханасы емдеуді сүйіспеншілікпен, шынайылықпен, игі ниетпен және жанашырлықпен жүргізеді
Тэгу қаласының Шығыс медицинасы ауруханасының ғылыми-зерттеу мекемелері бар, соның ішінде Кёнбук технопаркінің мамандандырылған орталығы — Шығыс медицинасы орталығы. Ол Кёнбук провинциясындағы Тэгу қаласының шығыс медицинасымен емдеу орталығы болып табылады және көпжылдық тәжірибеге сүйене отырып, оқытудың тиімдірек әдістері мен үздік кадрларды даярлау бойынша зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар оның күш-жігері емделмейтін және ауыр ауруларды емдеуде жаңа үміт сыйлайтын шығыс медицинасының орталығына айналуға бағытталған.
1.Ішкі ағзалардың зақымдануын емдеу орталығы.
Ағза функцияларын қалпына келтіру арқылы түбегейлі емдеу… Ішкі ағзалардың зақымдануын емдеу орталығы!!«Ішкі ағзалардың зақымдануы» термині барлық аурулардың себебі болып табылатын бес ішкі ағза функцияларының нашарлауына әкелетін ішкі зақымдануларды білдіреді. Орталық негізінен ас қорыту жолдарының, зәр шығару жолдарының аурулары, гепатобилиарлық аурулар, қалқанша без аурулары, қан аурулары сияқты ішкі ауруларды, сондай-ақ ашушаңдық, депрессия, стресс және т.б. сияқты психикалық бұзылыстарды емдеумен айналысады. Ішкі ағзалардың зақымдануын емдеу орталығы дәстүрлі шығыс медицинасы әдісін ғылыми диагностикалық жабдықтарды қолданумен ұштастыра отырып, кешенді диагностика жүргізеді. Содан кейін ағзаның конституциясы мен ауру белгілеріне сәйкес симптомдарды емдеу және асқынулардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде дәрі-дәрмекпен емдеу, акупунктуралық емдеу, банкамен емдеу және т.с.с. ем жүргізіледі.
2.Аллергиялық және иммундық ауруларды емдеу орталығы.
Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты түрлі аллергиялық және аутоиммундық аурулар пайда болады.Адам ағзасының иммундық жүйесінде ақаулар туындаған кезде суық тиюден бастап тыныс алу жолдарының, тері, көз аурулары, ЛОР ағзаларының бұзылыстарына дейінгі түрлі аурулар, әсіресе иммундық жүйе жұмысы бұзылғанда ең жиі кездесетін аллергиялық аурулар пайда болады. Осы тұрғыда шығыс медицинасының ерекшелігі — диагностика ауру белгілері бойынша жүргізіліп, медициналық кеңес пен емдеу арқылы иммундық теңгерімсіздік анықталады. Атап айтқанда, баланың иммундық жүйесі әлі толық қалыптаспағандықтан, бала аллергиялық ауруларға оңай шалдығады, сондықтан шығыс шөп дәрілерін аз мөлшерде қабылдау күткеннен де асып түскен жақсы нәтижелердің көптеген жағдайларын көрсетеді.Дәстүрлі шығыс медицинасында ежелден аллергиялық және иммундық аурулар туралы Хожинг (虚症) ұғымы болған және бұл ұғым Бояк (补药) дәрілік шөптеріне негізделген дәстүрлі шығыс медицинасымен тығыз байланысты. Қазіргі заманда медицина дәрілік шөптерге негізделген қалпына келтіру емі ұғымынан алыстап, әр ауруға жеке тұрғыдан қарап, жеке емдеумен айналысады.Атап айтқанда, Аллергияны емдеу орталығында шығыс медицинасының мамандары — терапевттер, офтальмологтар, ЛОР дәрігерлері, дерматологтар және педиатрлар әр пациенттің ауруының жеке ерекшеліктері мен дене жағдайын ескере отырып ем жүргізеді.
Омыртқа және буындарды емдеу орталығы
Дәстүрлі шығыс медицинасымен емдеумен қатар біз шығыс мануалды терапиясымен емдеу бағдарламасын ұсынамыз!Бұл омыртқа аурулары, буын аурулары, сынықтар, операциядан кейінгі оңалту және жол-көлік жарақаттары сияқты ауруларды хирургиялық емес емдеу әдістерін қолдана отырып кәсіби және түбегейлі емдеумен айналысатын орталық. Бұл емдеу әдістеріне жаңа емдеу техникаларымен қатар жүретін қауіпсіз әрі тиімді әдістер кіреді: пациенттің жағдайына сәйкес акупунктура және ара уын қолданатын апитерапия, бұлшықеттерде, байламдар мен сүйектерде ци айналымын ынталандыратын шығыс фитотерапиясымен үйлестірілген инемен емдеу, сондай-ақ омыртқаны мануалды түзету және Чуна мануалды терапиясы әдістері, бұлшықеттерге жіп енгізу арқылы қаңқаны нығайтуға негізделген имплантациялық терапия және т.б.
3.Сал ауруын емдеу орталығы
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін алғашқы күндерден бастап салды (инсультты) емдеу ... Инсульт болғаннан кейін салды емдеу заманауи медициналық дәрі-дәрмекпен емдеумен бір мезгілде дәстүрлі шығыс фитотерапиясы, акупунктура, электракупунктура, шөптермен емдеу, дене жаттығулары, теріүстілік электрлік жүйке стимуляциясы, интерференциялық терапия әдістерімен ұштастырыла, сондай-ақ дене жағдайын қалпына келтірумен қатар дәстүрлі шығыс емдеу әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл әр пациентке ең қолайлы әдіске байланысты кезең-кезеңімен жоспарлы емдеу негізінде жедел және созылмалы бұзылыстар кезінде ағзаны қалпына келтіруге арналған бастапқы шұғыл медициналық көмек шаралары болып табылады.Инсульт қатерлі ісік пен жүрек ауруларымен қатар ересектер арасындағы өлімнің ең қауіпті себептерінің бірі болып табылады. Инсульт — ми қан тамырларының жарылуы немесе бітелуі салдарынан болатын, ми тінінің зақымдануына әкелетін кенеттен ішінара сал болу немесе сөйлеу қабілетін жоғалту. Инсульттан кейін өлім-жітім жоғары болып қана қоймай, тірі қалған науқастардың көпшілігі өз бетінше қозғала алмау, сөйлеу қабілетін жоғалту, когнитивтік бұзылыстар сияқты салдарлардан зардап шегіп, мүгедек болып қалады. Сал болудың себептері қызба немесе тершеңдіктің бұзылуы, артық салмақ, өмір күшінің құлдырауы, жоғары қан қысымы, диабет, жүрек аурулары, гиперлипидемия, инсульт және т.б. болуы мүмкін. Денсаулыққа немқұрайлы қарау, стресс, шамадан тыс шаршау, алкогольді шамадан тыс ішу, темекі шегу және т.с.с. факторлар инсульттың туындауына түрткі болуы мүмкін.Емделетін негізгі аурулар:
Ми инфарктісі, миға қан құйылу, сал салдарлары, Паркинсон ауруы, тремор, аяқ-қолдардың фиброзы, бет спазмдары, бас ауруы, бас айналу, аритмия, метаболикалық синдром, тамырлық деменция, Альцгеймер ауруы.
****Сал ауруын емдеу орталығы — инсульттың алдын алу мақсатында оның пайда болу себептерін, түрткі болатын факторларды, инсульттың бар-жоғын және т.б. скринингтік әдістермен анықтайтын салды кешенді медициналық диагностикалау жүйесі.
4.Онкологияны дәстүрлі шығыс әдісімен емдеу орталығы.
Табиғи сауығу күшін оятатын онкологиялық орталықДәстүрлі шығыс медицинасында адам ағзасындағы зиянды энергияны «саги», ал оған қарсы тұратын энергияны «донги» деп атайды. Аурудың пайда болуы — осы екі энергия түрі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы.Осылайша, әсіресе қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды қытай медицинасы әдістерімен емдеуде ағзаның өмір күшін және ауруға қарсы тұру қабілетін ынталандыратын дәстүрлі емес әдістерді қатерлі ісіктің себептерін жоятын немесе ісік жасушаларын жоятын әдістермен бір мезгілде ұштастырғанда ғана емдеу тиімділігін арттыруға болады. Хирургия, химиотерапия, сәулелік терапия және басқа да осыған ұқсас емдеу әдістері тек ісік жасушаларына ғана емес, сау жасушаларға да шабуыл жасайды, бұл жанама әсер ретінде ағзаның ауруларға қарсы тұру күшіне теріс әсер етеді, иммундық жүйені әлсіретеді және, әрине, рецидив немесе метастаздардың пайда болу қаупін жоққа шығармайды.Сондықтан ағзаның ауруға қарсы тұруы арқылы қатерлі ісікті емдеуге қосымша, адамның ауруға қарсы күресу үшін «донги» энергиясын күшейтуге мүмкіндік беретін дәстүрлі емес әдістер де үлкен қызығушылық тудырады және бұл әдістер әр пациентке жеке тәсілді ескере отырып қолданылуы тиіс.
Орталық науқастың табиғи сауығу күштерін ынталандыру және ісікке қарсы терапияның әсерін арттыру арқылы қайталама рецидив мүмкіндігін басу және өмір сапасын жақсарту мақсатында онкологиялық емдеу бағдарламаларын жүзеге асырады.
Емделетін негізгі аурулар:
Қатерлі ісікті шығыс дәстүрлі әдісімен емдеу және иммунитетті арттыру, сәулелік терапия мен химиотерапияның жанама әсерлерін азайту, емдеу тиімділігін арттыру, рецидивтердің алдын алу, балама медицина емдеу әдістері, сүт безі обыры, жатыр обыры, аналық без обыры, қалқанша без обыры, асқазан обыры, аш ішек обыры, тоқ ішек обыры, бауыр обыры, өт жолы обыры, ұйқы безі обыры, өкпе обыры, бүйрек обыры, қуық обыры, қуықасты безі обыры, қан обыры, ОЖЖ ісіктері және т.б.
Онкологияны дәстүрлі шығыс әдісімен емдеу орталығындағы қатерлі ісікті емдеу бағдарламасы:
Бағдарлама қытай шөп дәрілерімен емдеуден, инемен емдеуден, ісікке қарсы диетотерапиядан және медитациялық терапиядан тұрады.
5.Дерматологияны, бет пластикасын және артық салмақты дәстүрлі шығыс әдісімен емдеу орталығы.
Денсаулықтан бастау алатын дәстүрлі шығыс медицинасынан бет пен дене сұлулығы…Орталық өсімдік текті дәрілік заттарды мақсатты түрде қолдану арқылы хирургиялық емес косметикалық немесе табиғи емдеу жолымен дененің ішкі құрылымын жақсартады.Біз әр клиентке пластикалық хирургиясыз сау өмір мен әдемі күлкінің қуанышын сыйлаймыз: қытай дәрілік шөптеріне негізделген косметикалық процедуралармен бірге ең жаңа емдеу жабдықтарын қолдана отырып, акупунктуралық терапияның, инемен емдеудің, жарықпен емдеудің, шөптермен емдеудің, имплантациялық терапияның сараланған және жеке әзірленген бағдарламаларын ұсыну арқылы күн сайын ұмытылмас сұлулық жасаймыз.
6.Кешенді диагностика орталығы
Біздің міндетіміз — жай ғана диагностика жүргізіп, аурудың себебін анықтау емес, денсаулықты бұдан да жоғары деңгейде нығайтуға қол жеткізуБіз өміршеңдік, қан айналымы деңгейі, тепе-теңдік деңгейі сияқты әрбір көрсеткіштің адам денсаулығына қаншалықты оң әсер ететінін бағалаймыз. Өмір күшінің төмендеуі міндетті түрде шаршаумен байланысты. Сергектіктің шамадан тыс артуы ауырсынумен, психикалық күйзеліспен байланысты. Қан айналымының төмендеуі инсульт пен ауырсыну қаупімен байланысты.Денсаулықты нығайту орталығы
- Қытай медицинасының қағидаттары бойынша денсаулық жағдайын бағалау
- Ауру жағдайын басқару, қимыл үйлесімділігін жоғалту
- Адамның физикалық және психикалық ерекшеліктерін ескеретін «денсаулықты нығайту бойынша дербес ұсыныстар»
- Пациентті дәстүрлі қытай дәрілік өсімдіктеріне жеке тестілеу негізінде дәстүрлі қытай өсімдік дәрілерін тағайындау.
Медициналық кеңесті қолдау бөлімі
Физиотерапия кабинеттері пациенттің ауруына қарай жүйке жүйесін емдеу кабинеті, тірек-қимыл аппаратын емдеу кабинеті, фитнес зал және еңбек терапиясы кабинеттері болып бөлінеді.Жүйке жүйесін емдеу кабинеті ми тамырларының аурулары, бас сүйек-ми сыртқы жарақаттары, жұлынның зақымдануы және жүйке жүйесі зақымданғаннан кейін қозғалыс функциясының бұзылуымен қатар жүретін басқа да түрлі себептерден туындаған жүйке зақымдануларын қалпына келтіруге байланысты оңалту емдік процедураларын жүргізіп қана қоймай, шеткі жүйке жүйесіндегі жүйкелердің зақымдануынан болған бет жүйкесінің салын емдеуді де қатар жүргізеді.
Тірек-қимыл аппаратын емдеу кабинеті түрлі спорттық жарақаттарды, автокөлік апаттарынан болған жарақаттарды, жұмыс ерекшелігінен немесе шамадан тыс күйзелістен туындаған тірек-қимыл аппаратының ауруларын, сондай-ақ буындардың басқа да созылмалы және дегенеративтік ауруларын физиотерапиялық емдеумен айналысады.
Фитнес зал әр пациентке бұлшықеттерді өз бетінше жаттықтыру мүмкіндігін береді.
Еңбек терапиясы кабинеттері оңалтуды қажет ететін пациенттердің күнделікті өмірде біршама объективті әрі дәл жұмысты өз бетінше орындай алуы үшін олардың қимылдарын түзетумен айналысады.
Осылайша, біздің физиотерапия кабинеттеріміз қажеттілікке қарай мамандандырылған және пациенттің жағдайы мен талаптарына сүйене отырып, оның тезірек сауығуына ұмтылады.
Жинақталған тәжірибе мен ежелгі дәстүрлерге сүйене отырып, біздің аурухана назарының ортасында әрқашан пациент тұратын физиотерапия қызметтерін ұсыну үшін әрқашан қолдан келгеннің бәрін жасайтынына уәде береді.