Кангбук-Самсунг госпиталі (Kangbuk Samsung Hospital)

Клиника туралы
«Кангбук-Самсунг» госпиталі 1968 жылы құрылған және «Самсунг груп» корпорациясының құрамында 50 жылдан астам уақыт бойы озық технологиялар мен қызмет көрсету арқылы медицинаның дамуына үлес қосып келеді. 1981 жылы жұмысын бастап, елдегі кешенді диагностика жүргізетін алғашқы орталыққа айналған орталықтың кәсіби медициналық қызметкерлері ең жаңа медициналық жабдықтарды пайдалана отырып, жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсетеді.

Кешенді диагностикалық орталық

«Кангбук-Самсунг» госпиталінің Кешенді диагностикалық орталығы елдегі алғашқы әрі ең ірі диагностикалық орталық бола отырып, аурулардың алдын алу және емдеумен айналысады, болашақ медицинасына жол ашады.

«Самсунг груп» корпорациясының технологиялары мен қызмет көрсету стандарттары негізінде ең жоғары деңгейдегі медициналық қызмет ұсынылады. Әлемге танымал «Самсунг груп» корпорациясының құрамындағы Кешенді диагностикалық орталық топтың ресурстарын пайдаланады. 1981 жылы біздің Орталық Корея Республикасында алғаш рет денсаулықты кешенді тексеру тұжырымдамасын енгізді және қазір мұнда тексерілетін пациенттер саны ең көп, техникалық жабдықталған ең ірі емдеу кешені болып табылады. Медициналық технологиялар мен қызмет көрсетудің үнемі жаңарып отыруы пациенттердің сенімін сақтауға мүмкіндік береді.

Негізгі мәліметтер
1. Елдегі алғашқы әрі ең ірі диагностикалық орталық. «Самсунг» корпорациясының технологиялары мен жоғары деңгейлі қызмет көрсетуін ұштастырады.
2. Ең заманауи медициналық диагностикалық жабдық. Озық медициналық жабдықтың арқасында жылдам әрі дәл тексеру.
3. Диагностика үшін оңтайлы жағдай. Жоғары деңгейлі медициналық технологиялар мен жабдықтар оңтайлы орта қалыптастырады.
4. Әртүрлі мамандықтар бойынша жетекші медициналық қызметкерлер / «Бір аялдама» жүйесі. Кәсіби медициналық қызметкерлер «Бір аялдама» біріктірілген емдеу жүйесін ұсынады.
5. «Ақылды» диагностика жүйесі. Медицинадағы IT технологиялар диагностика жүйесін жеңіл әрі ыңғайлы етеді.
6. Мамандандырылған ғылыми-зерттеу институты (Кәсіпорындардың психикалық денсаулығы ҒЗИ, Корпоративтік денсаулықты жоспарлау ҒЗИ). Мамандандырылған ҒЗИ негізінде тиімді шешімдер ұсыну.
7. Джонс Хопкинс университетімен өзара түсіністік туралы меморандум. Джонс Хопкинс университетімен бірлескен зерттеулердің арқасында әлемдік деңгейдегі қызмет көрсету.