МЕДИПИУМ КЛИНИКАСЫ (MEDIPIUM BEAUTY CLINIC)

«Медипиум» клиникасы (бас ғимарат) 1992 жылы құрылған. 2013 жылдың қарашасында «Кемелдік пен Сұлулық» ұранымен жұмыс істейтін «Медипиум» кешенді медициналық орталығы ашылды. Біздің орталық ең үздік медициналық қызмет көрсету рейтингтерінде көш бастап тұр, сондай-ақ ол жоғары технологиялық заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және жоғары білікті қызметкерлерге ие. Медициналық орталықтың құрамына мына бөлімшелер кіреді:

● ішкі аурулар,

● хирургия,

● гинекология,

● дерматология,

● стоматология,

● пластикалық хирургия.

Кешенді медициналық тексеруді, дерматологияны, пластикалық хирургияны және стоматологияны қоса алғанда 10 емдеу бөлімшесі, бірлескен медициналық көмек жүйесінің 150-ден астам маман дәрігері осы уақытқа дейін басқа жерден табу қиын болған ең үздік денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз етеді. Түрлі елдердегі адамдардың қоршаған ортасы мен өмір салтының ерекшеліктерін зерттеу негізінде клиникада кез келген шетелдік клиенттің талабын қанағаттандыра алатын әлемдегі ең үздік бағдарлама әзірленді.

Сізге «Медипиум» клиникасымен бірге салауатты әрі бақытты өмірге қол жеткізуіңізді тілейміз. Назарыңызға рахмет!

Кешенді диагностикалық орталық!

Біздің артықшылықтарымыз:

Озық медициналық жабдықтар және смарт-жүйе.
Медициналық институт деңгейіне сай озық медициналық жабдықтармен жарақтандыру одан да дәл диагностиканы қамтамасыз етеді.
Біздің артықшылығымыз – смарт-тексеру қызметін ұсынатын және оның толық құпиялылығына кепілдік беретін RFID жүйесі.

Сараланған, жекелендірілген тексеру қызметі
Кеңес беру арқылы жекелендірілген тексеру қызметі ұсынылады. Шетелдік клиенттердің ерекше жағдайлары мен өмір салтын ескере отырып, тексерудің оңтайлы нұсқасы таңдалады.

Медициналық институттармен тығыз ынтымақтастық
Диагностикадан кейін ауытқу анықталған жағдайда, жедел әрі тиімді емдеу үшін біз пациентті Медициналық институтқа жіберу мүмкіндігіне иеміз.

Денсаулығыңызды өмір бойы бақылау! Кейінгі бақылау жүйесі
Тексеру тек денсаулықты тексерумен шектелмейді, тексеруден кейін денсаулығыңызды өмір бойы бақылауды көздейтін кейінгі бақылау жүйесі бар.

Тексеруге дайындық

Тексеру алдындағы клиенттерге арналған жадынама
• Тексеруден 2-3 күн бұрын тексеру дәлдігіне кедергі келтіруі мүмкін алкогольді шамадан тыс ішуден, артық тамақтанудан, ауыр дене жүктемелерінен бас тартыңыз және жеткілікті ұйықтауға тырысыңыз.
• Дәл нәтиже алу үшін тексерудің алдындағы күні майлы тағамнан аулақ болып, жеңіл кешкі ас ішуге тырысыңыз, ал кешкі сағат 9-дан кейін ораза ұстау тәртібін қатаң сақтаңыз.[Колоноскопия жоспарланғандар қосымша қажетті талаптарды орындауы тиіс.]
• Алдын ала алынған сауалнаманы толтырыңыз, таңертең немесе алдыңғы күні кешке берілген контейнерге нәжіс жинаңыз, тексеру күні барлығын клиникаға міндетті түрде өзіңізбен бірге алып келіңіз.
∗ Егер Сіз төменде аталған дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз, дәрігермен кеңескеннен кейін оларды қабылдауды уақытша тоқтатыңыз.
– Диабетке қарсы препараттар, инсулин : тек тексерудің алдындағы күнге дейін қолданыңыз, тексеру күні таңертең қабылдамаңыз.
– Тромболитиктер, аспирин, антикоагулянттар: дәрігермен кеңесіп, тексеруден 7 күн бұрын қабылдауды тоқтатыңыз.
-(Егер препараттарды қабылдауды тоқтата алмасаңыз, тексеру күні бұл туралы жауапты медицина қызметкеріне міндетті түрде хабарлаңыз.)

Тексеру күні клиенттерге арналған жадынама
• Тексеруге белгіленген уақытта міндетті түрде келіңіз.
• Таңертең ешбір жағдайда тамақ ішуге, су ішуге, сағыз шайнауға, темекі шегуге және т.б. болмайды.
• Жоғары қан қысымына қарсы препараттарды тұрақты қабылдайтын пациенттер тексеру күні таңертең шамамен сағат 6:00-де дәріні аз мөлшердегі сумен ішуіне болады.
• Тексеру алдында киім ауыстыруыңыз қажет болғандықтан, жеңіл киініңіз және өзіңізбен бірге ешқандай қымбат заттар алып келмеңіз.
• Сондай-ақ металл әшекейлері бар іш киім кимеуге тырысыңыз.
• Қатты линзалар тақпаңыз.

Әйел клиенттерге арналған жадынама
• Шектеулер болғандықтан, егер Сіз жүкті болсаңыз, жүктілік ықтималдығы болса немесе бала емізіп жүрсеңіз, тексеру алдында медицина қызметкеріне міндетті түрде хабарлаңыз.
• Егер тексеру күні етеккір басталса, бұл жатыр мен зәрді тексеруге кедергі келтіруі мүмкін. Мүмкіндігінше тексеру күнін өзгертіңіз немесе аталған талдауларды басқа күндері тапсыруды сұраңыз. (Етеккір күндері тексеру күнінен 5 күн бұрын және кейін келмеуін қадағалауға тырысыңыз.)
• Тексеруден 24 сағат бұрын жыныстық қатынастан, қынаптық таблеткалар мен кремдерді қолданудан аулақ болыңыз.
• Наркозбен тексерілгенде (гастроскопия, колоноскопия) көлікті өзіңіз жүргізбеңіз.
∗ Тексерудің барлық түрлері алдын ала белгіленген кесте бойынша өтеді.

Тексеруден кейін клиенттерге арналған жадынама • Тексеру аяқталғаннан кейін тамақты 30 минуттан немесе одан көп уақыттан кейін, 2 сағатқа дейін қабылдауға болады. Биопсиядан кейін тамақ қабылдауға қатысты шектеулер болуы мүмкін. • Тексеруден кейін тым қатты немесе тітіркендіретін тамақ жемеуге тырысыңыз, жұмсақ тағамға басымдық беріңіз. (Алкоголь, темекі, ащы немесе тұзды тағамдарды, сондай-ақ суық өнімдерді тұтынудан аулақ болуға тырысыңыз.)

Наркозбен гастроскопиядан кейін клиенттерге арналған жадынама
• Гастроскопиядан кейін көмейде біршама жайсыздық немесе әлсіз ауырсыну сезілуі мүмкін, бұл уақытша құбылыс, көп ұзамай бәрі басылады.
• Наркозбен эндоскопиядан кейін клиенттерде кейде бас айналу мен ұйқышылдық пайда болуы мүмкін, сондықтан тексеру күні көлікті өзіңіз жүргізбеуіңіз қажет.
• Колоноскопия кезінде егжей-тегжейлі бақылау үшін ішекке ауа енгізіледі, соның салдарынан іште жайсыздық немесе ауырсыну пайда болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда газдарды шығару үшін ішті уқалау немесе жылы компресс қою қажет. Егер жағдай жақсармаса, клиникаға көмек сұрап жүгініңіз.

Асқазан-ішек жолдарын контрастпен түсіргеннен кейін клиенттерге арналған жадынама
Препарат (барий) енгізудің нәтижесінде іш қату пайда болуы мүмкін, сондықтан келесі 2-3 күн ішінде суды мол ішу ұсынылады.

Дерматология / Пластикалық хирургия

Сұлулық орталығы Пластикалық хирургия, дерматология, стоматология және рентгенография салаларындағы мол тәжірибе мамандарға жүйелі талқылаулар мен кеңестер барысында пластикада, тері терапиясында, семіздікте, алопецияны емдеуде жоғары сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біз эстетикалық қызметтердің толық ауқымын ұсынамыз.

Біз қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуына, сенімді әрі мінсіз нәтижелерге, күнделікті өмірге тез оралуға кепілдік береміз.

Дерматология Пациенттермен жұмыс істеуде көпжылдық тәжірибесі бар тәжірибелі маман дәрігерлер тері түрі мен дене бітіміне сай дәл диагностиканың арқасында сезімтал тері аурулары, семіздік және шаштың түсуі бойынша ұзақ мерзімді күтім көмегін көрсетіп, пациенттердің сау әрі тартымды келбетін қалпына келтіреді.

• Тері күтімі
Безеулер/ тыртықтар, Сепкілдер/пигментация/ағарту, Терінің қызаруы/қан тамырлары,
Түрлі тері аурулары
Кәсіби медицина қызметкерлерінің бай көпжылдық клиникалық тәжірибесі және 30-дан астам ең жаңа заманауи лазерлік техника түрлері жоғары сезімталдықтан туындаған тері ауруларын жеңуге көмектеседі. Жоғары кәсіби мамандар теріні сау әрі әдемі етіп өзгерту үшін әр пациентпен жеке жұмыс істейді.

• Контурлық пластика Ботокс/Филлер, Контурлық инъекция, Гиалурон қышқылы инъекциясы, Лифтинг (тартып көтеру) Біз Сіздің бетіңіздің тартылған әрі тегіс көрінуіне жылдам әрі білдірмей көмектесеміз. Кәсіби медицина қызметкерлері тек қауіпсіз әрі тексерілген препараттарды қолданады.

• Семіздік/дене пішіні липосакция (иық, іш, сан), балтырға ботокс (альтокс), семіздікке қарсы инъекциялар, бөкселер пластикасы
Салауатты сұлулық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, денеге толық күтім ұсынамыз. Біз ағзаның жеке ерекшеліктеріне қарай хирургиялық және консервативті түрлі емдеу әдістерін қолдана отырып, клиенттерге біркелкі әрі әдемі дене сымбатына ие болуға көмектесеміз.

• Шаш күтімі
Шаш трансплантациясы, Ауыстырып салу Трансплантация
Шаштың түсу мәселесіне алаңдауды доғарыңыз! Біз Сізге табиғи әрі сәнді шаш үлгісін жасап, шаш трансплантациясын жасаймыз.
Шүйде бөлігінен, тыртық орындарына, қасқа, шаштың өсу сызығына трансплантация жасаймыз.

Пластикалық хирургия Пластикалық хирургия бөлімшесінде пациенттердің сұлулығына қамқорлық жасайды, бірақ қауіпсіздікті басым деп санайды, бет пен дененің арақатынасын ескере отырып, клиентке барынша жарасатын үйлесімді келбет жасайды. Ғылыми талдау мен 3D КТ көмегімен жүргізілген өлшеулер негізінде қойылған дәл диагноздың және көпбейінді мамандардың бірлескен зерттеулерінің арқасында көптеген клиенттер мінсіз сұлулыққа қол жеткізеді.

• Мұрын/көз пластикасы
– көз Екінші қабақты табиғи түзету│Эпикантопластика│Көз астындағы қапшықтарды алып тастау (төменгі блефаропластика) │көз пішінін өзгерту │қайталама операциялар │ерлер блефаропластикасы
– мұрын ринопластика│Мұрын қанаттарын кішірейту • танау тесіктерін кішірейту │қисық мұрынды түзету│ерлер ринопластикасы
Терінің жағдайына, мұрынның пішіні мен сызығына қарай біз мұрынның барлық кемшіліктерін жасыратын, қауіпсіз әрі Сізге барынша сәйкес келетін имплантты қолдана отырып, Сізге мұрынның ең табиғи сызығын жасаймыз.

• Кеуде пластикасы
Кеудені өз майы есебінен үлкейту │тамшы пішінді импланттармен кеудені үлкейту │салбыраған кеудені көтеру│кеудені кішірейту │қолтық айналасын тартып көтеру│ емшек ұшы мен ареола пішінін түзету
Дененің жалпы өлшемдеріне сәйкес келетін үйлесімді кеуде пішінінің арқасында табиғи толықтық пен көлемділік сезімі қалыптасады.

• Бет контурының пластикасы
V-сызық, шаршы жақ, бет сүйектерін кішірейту, маңдай пластикасы, төмен иек/ шығыңқы иек
3D-КТ суреттерін ғылыми талдау негізінде түрлі мамандардың – пластикалық хирургтердің, стоматологтардың, дерматологтардың бірлескен күшімен сұлулықтың кәсіби шешімі ұсынылады.

• Лифтинг
Таспалы лифтинг, V сызығының жіпті лифтингі, "Дөңгелек бет" май трансплантациясы Бетіңіздің жеке ерекшеліктеріне сәйкес әзірленген әжімдерді, салбыраған беттерді, асимметриялық контурларды кетіру, тері реңін жақсарту бойынша процедуралар кешенінің қуатты әсерін тамашалай аласыз.

• Дене сызығының пластикасы
Микул, Липолитиктер (семіздікке қарсы инъекциялар), карбокси, HPL инъекциялық липолизі Май жасушаларын жою арқылы теріні зақымдамай, әдемі дене сызығын оңай әрі сенімді қалыптастыру

• Интимдік хирургия
Интимдік филлинг, Mona Lisa touch
Әйелдің ең құпия сұлулығын әдемі ете отырып, өзіңізге деген сенімділіктің артуына көмектесеміз! Оңай, хирургиялық араласусыз, қарапайым филлерлер мен лазерлік процедуралар арқылы біз Сізге бақытты сәттерді қайтарамыз!

– Интимдік филлинг
Кольпография процедурасы кезінде созылған және серпімділігін жоғалтқан қынапқа филлерлер енгізіледі, осылайша қынап тарылып, қынап қабырғаларының серпімділігі артады. Бұл жаңа коллагеннің синтезделуіне және ангиогенез процесінің қалыптасуына ықпал етеді. Кольпорафия жүргізу бақытты интимдік өмірді оңай қалпына келтіруге көмектеседі

– Mona Lisa touch
Қынаптың босаңсу синдромын (Салбыраған қынап қабырғалары ) емдеу тіндердің некрозынсыз, қынаптың шырышты қабатында коллагеннің регенерациясын белсендіретін лазерлік өңдеу көмегімен жүргізіледі.
Бұл қынап қабырғаларын тығыздаудың және зәр ұстай алмау синдромын емдеудің, сондай-ақ қынаптың серпімділігін қайтарудың және түрлі инфекциялардың алдын алудың өте тиімді тәсілі. Лазерлік операция – көптеген әйелдердің ұнатқан, оңай өтетін және кейін қалпына келу кезеңі жылдам процедура.

Стоматологиялық орталық

Эстетика мен функционалдылықты ескере отырып, тістерге кәсіби күтім.
Әдемі күлкі үшін эстетикалық емдеуден имплантацияға дейін! Біз CAD/CAM жүйелерімен, ең үздік диагностикалық КТ суреттерімен және бай клиникалық тәжірибесі бар білікті стоматологтармен қатар эстетикалық және функционалдық стоматологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін тістерге кәсіби күтім жасаудың ең озық жүйесін меңгергенбіз.

Тіс имплантациясы клиникасы
Тіс имплантациясы 3D КТ көмегімен алынған нәтижелер негізінде және тромбоциттерге байытылған өз қан плазмасын пайдалана отырып жүргізіледі. Терапевттің кеңесінің арқасында түрлі созылмалы аурулары бар пациенттер стоматологиялық ем ала алады.
• Тілік арқылы имплант орнату
• Тіліксіз имплант орнату
• Медипиум импланты (тілік жоқ + «бір күн» жүйесі)

Тістерді ағарту клиникасы
Біз тіс түсінің өзгеру себебін анықтап, FDA қауымдастығы тексеріп, мақұлдаған ағартқыш агент пен жарық сәулесінің көмегімен тістеріңізді тез, ауырсынусыз және қызыл иекті тітіркендірмей аппақ етеміз.
• Тістерді кәсіби ағарту
• Тістерді бір күнде ағарту
• Өз бетінше ағарту

Түзету клиникасы
Бет контурының құрылымын ескере отырып, теңгерімді тістесу үшін тіс бетін барынша аз зақымдап және қабыну процесінің алдын ала отырып тіс қатары түзетіледі, осылайша жайсыздық пен ауырсыну сезімі жойылады.
• Cllipy-C брекеттері
• Мөлдір брекеттер
• Керамикалық брекеттер
• Лингвалды брекеттер
• Металл брекеттер
• Құрама брекеттер

Ламинирлеу клиникасы
Түсі оңған және сынған тістерді түзетудің, тіс арасындағы саңылауларды жоюдың және т.б. ең тиімді құралы – эстетикалық емдеу. Үш өлшемді панорамалық жабдықтың көмегімен жүргізілетін дәл диагностика қауіпсіз, жайлы әрі ауырсынусыз емдеуді қамтамасыз етеді.
• Тісті барынша аз егеумен ламинат
• Тістің түсі, пішіні, өлшемі мәселесін шешу
• Емдеудің қысқа мерзімдері
• Тұрақты ағарту әсері

Ауыз қуысын тексеру бағдарламасы
Сынған тістер, кариес, тіс қағы, бляшкалар сияқты ауыз қуысының түрлі жасырын ауруларының алдын алу және емдеу үшін Q-сәулелік тексеру және ауыз қуысының толық диагностикасы жүргізіледі.
• Q-Ray жүйесі
• зиянсыз көрінетін жарық
• бастапқы кариестің/тіс қағының/ тіс тасының пайда болуын бақылау

Ғылыми озық жабдық CAD/CAM жүйесі
Компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып, жоғары дәлдіктегі протездер жасау. Протездер жасаудың цифрлық жүйесі өнімді дайындауды және емдеуді бір күнде жүргізуге мүмкіндік беріп, қанағаттанудың жоғары деңгейіне ықпал етеді.
• Инновациялық Cad/Cam жүйесі
• Цифрлық сканерлеу
• Цифрлық дизайн
• цифрлық өңдеу

Әдемі күлкі үшін эстетикалық емдеуден имплантацияға дейін! Біз CAD/CAM жүйелерімен, ең үздік диагностикалық КТ суреттерімен және бай клиникалық тәжірибесі бар білікті стоматологтармен қатар эстетикалық және функционалдық стоматологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін тістерге кәсіби күтім жасаудың ең озық жүйесін меңгергенбіз.