«ХИМЧАН» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОРТОПЕДИЯЛЫҚ КЛИНИКАСЫ (HIMCHAN HOSPITAL )

Химчан клиникасы туралы жалпы ақпарат:

Химчан клиникасы Корея үкіметінен (Денсаулық сақтау департаменті) буындарды емдеуге маманданған клиника ретінде белгі алды. Химчан клиникасы — кәсіби емдеу, диагностика және операциялық жүйесі бар, ортопедиялық аурулардың барлық түрлеріне маманданған ең үздік ауқымды клиника. Клиникада ең жаңа медициналық жүйе бар, оның көмегімен тек тізе мен бел ғана емес, сонымен қатар аяқ буындары, иық, сан ауруларын емдеуді қадағалауға және тепе-теңдікті түзетуге болады. Клиника ауырсыну синдромын тез басу және қалпына келтіру үшін өзекті заманауи емдеу ұсыну мақсатында операциялардың түрлі түрлеріндегі жаңалықтарды мұқият қадағалайды. «Ғылыми-зерттеу зертханасы» бар клиника халықаралық білім беруге қатысады, 63 ғылыми жұмыс қорғады, оның 41-і SCI деңгейінде. Артропластика орталығының дәрігерлері әзірлеген оқу бағдарламалары халықаралық меморандум (International Fellowship) аясында Тынық мұхиты аймағында қатысуға мүмкіндік береді. 2008 жылдан бастап клиника әлемде мамандандырылған ортопедиялық буын клиникасы ретінде танылуының арқасында жыл сайын Америка, Жапония, Қытай, Малайзиядан келген дәрігерлерді практикалық операциялар мен ноу-хау үйрену үшін қабылдайды.
●Эндопротездеу орталығы: Тізе буынын эндопротездеу орталығы 2015 жылғы қыркүйекке дейін 90 000 операция жасады, осылайша жасалған операциялар саны бойынша Кореядағы ең үздік клиника атағын сақтап келеді. Жеке тәсіл, тілікті барынша азайту, навигациялық жүйе, бактерицидтік жүйе арқасында клиникада ең қауіпсіз операциялар жасалады.
●Буын эндоскопиясы орталығы: шағын камерамен тізе, иық, білезік және басқа буындардың жағдайы мұқият диагностикаланатын әдіс, бұл нақты емдеуді таңдауға мүмкіндік береді. 2013 жылдан бастап осындай 100 000 операция жасалды, бұл әртүрлі тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
●Шеміршекті қалпына келтіру орталығы: микроскопиялық операция, меншікті шеміршек тінін ауыстырып салу, бағаналы жасушалармен емдеу және шеміршекті емдеудің басқа да әдістері
●Омыртқаны емдеу орталығы: операциялар және қансыз емдеу түрлері арқылы омыртқа ауруларын емдеудегі жеке сәйкес тәсіл

●Мамандандырылған аурулар клиникасы
-Балалар ортопедиясы: тар бейінді ортопед маманның балалар ауруларын, қисық мойынды, буынның туа біткен шығуын емдеуі
-Спорттық жарақаттар клиникасы: иық, тізе, білезіктің әрбір спорттық жарақаты үшін нақты диагностика, операциялар мен қансыз емдеу, оңалту бағдарламаларын ұсыну.

●Ең жаңа жабдықпен жарақталуы
Навигациялық жүйе, МРТ, КТ, УДЗ, суреттердің үш өлшемді бейнесі, денситометрия, буын эндоскопы, тізе мен иыққа арналған жаттығу аппараттары, белді гравитациялық емдеу, қансыз емдеу, пациентті мониторингілеу аппараты, анестезиологиялық жабдық, лазерлік емдеу және т.б. Диагностикалық, оңалту, емдеу, операциялық медициналық жабдықтар.