АСАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Асан медициналық орталығы 1989 жылы құрылған. Госпиталь 2200 төсек-орынға арналған және Оңтүстік Кореяның бүкіл аумағында орналасқан 7 госпитальдің үйлестіруші орталығы болып табылады. Нәтижесінде Асан медициналық орталығында күн сайын орташа есеппен 11,862 амбулаториялық пациент, шамамен 2,557 стационарлық пациент және шамамен 309 жедел жәрдем пациенті қабылданады, жыл сайын 63,791-ден астам аса күрделі ота жасалады

Асан госпиталі Ульсан медициналық университетінің студенттерін оқытуға арналған клиникалық база болып табылады. Асан медициналық орталығы 1996 жылдан бері Гарвард медициналық институтымен тығыз ынтымақтасады. Асан медициналық орталығының құрамында әлемдегі ең үздік кардиохирургиялық орталықтардың бірі бар.

Асан медициналық орталығы Кореядағы 35 мамандандырылған және көпбейінді аурухананың арасында он негізгі қатерлі ісік ауруының тоғызын емдеу сапасы бойынша бірінші орынға ие болды (асқазан обыры, бауыр обыры, өкпе обыры, жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, аналық без обыры, простата обыры, тік ішек обыры, тоқ ішек обыры, қалқанша без обыры)

Бөлімшелер мен мамандандырылған орталықтар:

Бағаналы жасушалармен емдеу

Ішкі аурулар медицинасы

Медициналық тексеру

Неврология

Ортопедия

Пульмонология

Реаниматология:

Стоматология .