СЕУЛДІК ӘУЛИЕ МАРИЯ ГОСПИТАЛІ

Алғаш рет 1980 жылы көпбейінді госпиталь ретінде құрылып, 30 жыл бойы пациенттерді кешенді емдеуге күш салған Каннамдағы Әулие Мария госпиталі 2009 жылғы наурызда жаңа медициналық мәдениетті жүзеге асыру мақсатында озық инфрақұрылыммен жарақтандырылған Сеулдік Әулие Мария госпиталі ретінде қайта дүниеге келді.

Сеулдік Әулие Мария католиктік госпиталі – жер үстінде 22 қабаты, жер астында 6 қабаты бар, 1 355 төсек-орынға арналған Кореядағы ең ірі аурухана. Госпиталь Орталық католиктік медициналық орталықтың жетекші ауруханасы болып табылады; бұл – бір ғимараттан тұратын, ең заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған және әлемдік деңгейдегі медициналық персоналы бар ауқымы жағынан ең ірі аурухана.

Католик шіркеуінің жетекші ауруханасы ретінде біз Орталық католиктік медициналық орталықтың «Емші Иса Мәсіхті өз бойымызда бейнелей отырып, аурудан зардап шегетіндерге қамқорлық жасау» деген рухани қағидасын жүзеге асыруда белсенді көшбасшылық танытатын үлгілі аурухана болуға ұмтыламыз.

Кәсіби медициналық қызметтер көрсетуге және медициналық зерттеулер жүргізуге маманданған Сеулдік Әулие Мария госпиталі Кореядағы тағы 7 ауруханамен, АҚШ-тағы кеңсемен (Лос-Анджелесте, тиісті ақпарат беру және шетелдік пациенттерге медициналық көмекті үйлестіру үшін) және Медицина ғылымдарының католиктік ғылыми-зерттеу институтымен бірге католиктік университет жанындағы университеттік аурухана ретінде халықаралық медицинада жетекші рөл атқару үшін тұрақты күш-жігер жұмсауды жалғастыруда.

Сеулдік Әулие Мария госпиталінде 41 клиникалық бөлімшені, 183 мамандандырылған клиниканы және 23 мамандандырылған клиникалық орталықты қамтитын кешенді денсаулық сақтау жүйесі бар.

Халықаралық медициналық орталық

Халықаралық медициналық орталықта Кореяда тұратын немесе саяхаттап жүрген шетелдік пациенттерге, сондай-ақ шетелден келген пациенттерге жоғары сапалы медициналық қызметтер көрсететін жоғары білікті медициналық персонал бар.

Персонал және қызметтер

Халықаралық медициналық орталықта ағылшын, орыс, жапон, француз, қытай және корей тілдерінде еркін сөйлесе алатын дәрігерлер, мейірбикелер және үйлестірушілер жұмыс істейді. Орталық персоналы шетелдіктердің немесе шетелдік пациенттердің медициналық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оларға қажетті денсаулық туралы кез келген ақпаратты беруге толық дайындалған.

Францияда туып, білім алған терапевт дәрігер, Халықаралық медициналық орталықтың директоры (доктор Ок Чжин Чжу) Халықаралық медициналық орталықта шетелдік пациенттерге алғашқы медициналық көмек, денсаулықты базалық скринингтен өткізу, кеңес беру және сапар алдындағы күтім (тропикалық аурулардың алдын алуға, иммундауға және қажетіне қарай сапар алдында безгекке қарсы препараттар сияқты дәрілерді тағайындауға қатысты ақпарат беру) бойынша кеңес береді.

Доктор Ванг Шэн Мин (Кореяда туған қытай, корей, қытай және ағылшын тілдерінде өте жақсы сөйлейді), емдеуші дәрігер және Кореяда сертификатталған психиатр дәрігер, алғашқы медициналық көмек және психотерапиялық ем көрсетеді, сондай-ақ физикалық және психологиялық тұрғыдан салауатты өмір салтын насихаттайды. Доктор Ли Чжи Ён – Кореяда туған, Корея мен АҚШ-та ішкі аурулар медицинасы саласында қос сертификаты бар америкалық дәрігер. Сонымен қатар ол сертификатталған америкалық ревматолог. Доктор Ли шетелдік пациенттерге негізгі медициналық мәселелер, сондай-ақ ревматологиялық және бұлшықет-қаңқа мәселелері бойынша медициналық көмек көрсетеді.

Пациенттерге мамандандырылған бөлімшелер немесе мамандандырылған орталықтар дәрігерлерінің қосымша кеңесі қажет болғанда, олар тиісті ауызша аударма қызметтерімен және Халықаралық медициналық орталық қызметкерлерінің тұрақты қолдауымен тиісті клиникаларға жіберіледі.

«Бір терезе» (one-stop) қағидаты бойынша тиімді медициналық қызмет көрсету

Шетелдік пациенттерге ағылшын, орыс, жапон және француз тілдерінде тексеру, диагностика, емдеу, медициналық қорытынды және сақтандыруды қамтитын «бір терезе» қағидаты бойынша тиімді медициналық қызмет көрсетіледі.

Шұғыл медициналық көмек жүйесі

Сеулдік Әулие Мария госпиталі шұғыл медициналық көмекті қажет ететін шетелдік пациенттерге тәулік бойы шұғыл медициналық күтім қызметтерін көрсетеді. Шұғыл көмек орталығы бас ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, ал ағылшын тілінде еркін сөйлейтін дәрігер пациенттерге тәулігіне 24 сағат, демалыссыз шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.

Жеке күтім

Әр пациент біздің жоғары білікті қызметкерлерімізден жеке кәсіби көмек ала алады. Халықаралық медициналық орталықта дәрігер алғашқы тексеруді, тиісті тесттер мен тиісті процедураларды жүргізеді, қажет болған жағдайда пациент ауруханада болған бүкіл уақыт ішінде Халықаралық медициналық орталықтың тұрақты қолдауымен басқа кеңестер алу үшін тиісті мамандандырылған бөлімдерге немесе мамандандырылған орталықтарға жіберіледі. Пациент ауруханадан шыққаннан кейін де біздің қызметкерлер пациенттің денсаулығын қадағалау үшін онымен телефон арқылы байланыс сақтай алады.

Жақын маңдағы қонақүйлер

JW Marriott Hotel Seoul Мекенжайы: 19-3 Banpo-dong, Seocho-gu, Seoul Тел: +82-2-6282-6262 www.jw-marriott.co.kr www.marriott.com/seljw

Sheraton Seoul Palace Gangnam Hotel Мекенжайы: 63-1 Banpo-dong, Seocho-gu, Seoul Тел: +82-2-532-5000 www.sheratonseoulpalace.com

Novotel Seoul Ambassador Gangnam Мекенжайы: 603 Yeok sam dong, Gang nam gu, Seoul Тел: +82-2-567-1101 www.ambatel.com/gangnam