АРЫМДАУН НАРА ДЕРМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯ КЛИНИКАСЫ

Каннам Арымдаун Нара сұлулық клиникасы

Клиникада 50-ден астам лазерлік аппарат бар, 2000 жылдан бері бірде-бір медициналық қателік тіркелмеген. Клиниканың қартаюға қарсы орталығында келесі процедуралар жүргізіледі: жіппен лифтинг, лазерлік лифтинг, DNA инъекциялары, операциясыз бет тартылуы. Клиникада безеуді емдеуге арналған мамандандырылған орталық бар (кеңейген тері тесіктері, безеу, постакне). Арымдаун Нара косметикалық өнімдері 

  • Arumdaun Nara клиникасы Сеулдегі 5 дерматология және пластикалық хирургия филиалынан тұрады, оның 2-еуі Пекинде (Қытай) орналасқан, шаш күтіміне арналған процедуралар кешенін, семіздікті емдеу бағдарламаларын, «One-Stop Beauty network» саласындағы қызметтерді ұсынады. Arumdaun Nara клиникасы озық технологиялық жабдықтармен жарақталған, жергілікті пациенттерге де, шетелдік пациенттерге де бағдарланған – шетелдік клиенттерге толық сервис ұсынады.

    Arumdaun Nara клиникасы жыл сайын дерматология және пластикалық хирургия бойынша семинарлар өткізеді, жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелерін жариялап, әлемдік тәжірибеге өз үлесін қосады, шетелдік дәрігерлерді тағылымдамадан өткізіп, тұрақты түрде белсенді халықаралық тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.

    Клиниканың жетекші дәрігерлері

    Ли Сан Джун

    Докторлық дәреже (Telomere)

    Дерматологиялық қоғамның вице-президенті / қартаюға қарсы емдеудегі 20 жылдық тәжірибе

    Тян Га Ён

    Жіппен лифтинг бойынша оқу құралының бірлескен авторы

    Қартаюға қарсы емдеудегі 15 жылдық тәжірибе

    Ким Хён Соб

    PLA LIFTING MASTERPIECE

    Қартаюға қарсы емдеудегі 15 жылдық тәжірибе

    Тян Хи Вон

    Дерматолог

    Безеуді емдеу орталығы

  • Каннам Арымдаун Нара (Arumdaun Nara) сұлулық клиникасының қартаюға қарсы орталығы

    1 Кор жібімен лифтинг дегеніміз не?
    Адамның беті тері, май және бұлшықеттерден тұрады, ал тері бет сүйектеріне бекітілген. Жіппен лифтинг – ине немесе канюля арқылы енгізілетін биоүйлесімді материалдан жасалған жіптерді дермаға имплантациялау арқылы беттің жұмсақ тіндерін тарту. Бетті жіптермен түзету аймақтар бойынша жүргізіледі – көз асты, бет ұшы, иек аймағы және т.б. Жіптерді таңдау генетикалық факторларға, қартаю дәрежесіне және тері түріне сәйкес анықталуы керек. Кор жіптері дәнекер тінді қатты тартып, теріге көлем береді.

    Кор жіптерімен тартудың әсері:

    • Кор жіптерімен операциясыз бет тарту – жылдам әрі табиғи әсер.
    • Процедура тыртықсыз және оны қайталауға болады
  • DNA инъекциялары дегеніміз не?

    3 Chamber және 2 Locking Bar System арқылы 2 сатылы емді екі есе күшейту үшін бағаналы жасушалар сығындысы алынады.
    1 1-саты, әжімдерді қарқынды инфильтрациялау
    2 Бүкіл бетке жағу

    DNA ерекшеліктері

    Арымдаун Нара (Arumdaun Nara) клиникасында АҚШ FDA мақұлдаған критерийлерге сәйкес алынған 96% дифференциацияланбаған жасушалар (P-SELECTIN тірі жасушалары) қолданылады. Арымдаун Нара клиникасында 20%-дан аз дифференциацияланған жасушалары (өлі жасушалар) бар / 4% дифференциацияланған жасушалары бар жоғары тазалықтағы бағаналы жасушалар сығындылары пайдаланылады.
    Әсері: Anti-aging, иммунитетті арттыру, әжімдерді азайту, пигментті жақсарту, тері құрылымын жақсарту

    Бетті аппараттық лифтинг

    1) Жоғары жиілікті лазерлер: Thermage, Tune Face, Pelvet
    2) Ультрадыбыстық лазерлер: ULCERA, DOUBLE, HI-FI,
    Әсері: Процедурадан кейін бірден әсер байқалады, бірақ уақыт өте келе коллаген қалпына келе бастағанда, Сіз одан да жоғары нәтижені көресіз.

    Арымдаун Нара (Arumdaun Nara) клиникасындағы безеу орталығы

    Постакнені кешенді емдеу дегеніміз не?
    Қалпына келтіруді қоздыру үшін әртүрлі аралас безеу тыртықтарына жоғары қарқынды ауа қысымы ағыны (STREAM) енгізіледі, ал тыртық беті тез арада қалыпты теріге дейін қалпына келеді.
    Әсері:
    Постакне, ескі тыртықтарды қалпына келтіру
    Безеу, қабыну, қызару
    Кеңейген тері тесіктері, тері тесіктерін тарылту.

    Безеуді пневматикалық емдеу дегеніміз не?
    Бұл ауа қысымы мен жарық энергиясының кешенді емі. Тері майының бөлінуін азайту арқылы безеудің себептерінің біріне әсер етеді, ал ауа
    қысымы тері майының табиғи өндірілуі мен қабынуды реттеу үшін қолданылады.
    Әсері: Тері майының бөлінуін азайту, безеу бактерияларын жою, қабынулық ластануды азайту, терінің қалпына келуі.

    *Шашты қалпына келтіру – бас, шат аймағы мен кірпік шаштарын қалпына келтіру.

    Арымдаун Нара клиникасы медицинадағы ең жаңа технологияларды қолдана отырып, әрдайым көшбасшы болуға тырысады,