Маңызды! «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтары мен келушілерінің жолаушылар ағынының қауіпсіздігін сапалы қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы 1 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының әуежайларында тексерудің бірінші желілері орнатылады. «ЭКСПО-2017» өткізілетін кезеңде қауіпсіздік шараларының күшеюіне және тексеру уақытының ұзаруына байланысты, рейстерге кешікпеу үшін клиенттерге тіркеуден және тексеруден өту үшін әуежайға алдын ала келу қажеттігі туралы ескертуді сұраймыз.