22.11.2017
Оңтүстік Корея – пластикалық хирургия саласындағы әлемдік көшбасшы.

Құрметті достар, Сіздерге Оңтүстік Кореядағы пластикалық хирургия туралы айтып бергіміз келеді! Оңтүстік Корея – пластикалық хирургия саласындағы әлемдік көшбасшы. Дәл осында, Кореяда, бьюти-индустрияның алдыңғы шебі орналасқан. Сеул пластикалық хирургияның астанасы болып саналады – дәл осында ең білікті, тәжірибелі және шығармашыл хирургтар жұмыс істейді. 2009 жылдан бастап бұл елде пластикалық операциялардың ең көп саны жасалды. Сонымен қатар 2015 жылы 50 мыңға жуық шетелдік турист эстетикалық процедура үшін Оңтүстік Кореяға келген. Өткен жылы бұл сан он есеге өсті. Жыл сайын Корея клиникаларында 770 мыңнан астам пластикалық операция жасалады және олардың саны жыл сайын өсуде – соңғы 6 жылда шамамен екі есеге артты. Бұл санға келбетті өзгертуге қабілетті косметологиялық процедуралар кірмейді. Кореядағы ең кең таралған пластикалық операциялар – блефаропластика (қабақ пішіні мен көз көлемін өзгерту), мұрын пластикасы, иек пен маңдай пластикасы да өте танымал – хирургтар оларға пішін мен қажетті бедер береді. Шаш трансплантациясы операциялары жиі жасалады – бұл маңдай пішінін көрнекі түрде өзгерту үшін жасалады. Дене де назардан тыс қалмайды – маммопластика мен липосакция да Кореяда өте кең таралған.

Біздің компания Оңтүстік Кореядағы ОКИМС клиникасымен бірлесіп қайырымдылық Акциясын өткізуде – бет аймағына тегін операция.