Енгізілген жабдық ультрадыбыстық сәулелену арқылы тік ішек қабырғаларының кескіндерін автоматты түрде тануға және сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ осы аппараттың арқасында емдеудің жоғары жылдамдығы қамтамасыз етіледі. Кескіндерді МРТ кескіндерімен біріктіру және нақты уақыт режиміндегі мониторинг арқасында оңтайлы жергілікті емге қол жеткізіледі
Соңғы уақытта өмір сапасын арттыру үшін хирургиялық әдістердің орнына баламалы емдеу әдістері алдыңғы орынға шығуда. Бастапқы сатыдағы обыры бар пациенттер бір рет жүргізілетін жоғары қарқынды фокусталған ультрадыбыспен емдеуді таңдайды. Процедураның өзі қарапайым және қайталап емдеуге шектеулері жоқ. Бұл терапияның елеулі артықшылығы – ерлер функцияларын және несеп шығару функциясын тиімді сақтау.
2017 жылдың наурызынан бастап Самсунг МО урология бөлімшесінің профессорлары Ли Хён Му мен Чжон Хван Гюн тобы трансперинеалдық биопсия жүргізеді. Бұл биопсияны жүргізу қуық асты безінің трансректалдық биопсиясы кезінде анықталмаған обырды қосымша 30%-ға анықтауға мүмкіндік берді, осылайша бұл әдісті қуық асты безінің обыры кезінде диагностика мен күтімде тиімді қолдануға болады. Бұдан басқа, бұл әдіс белсенді бақылау кезінде немесе жергілікті емді қажет ететін пациенттерді анықтау/таңдау кезінде қолданылады.
Қазіргі уақытта бүкіл Кореяда тек Самсунг МО урология бөлімшесінде ғана бастапқы сатыдағы қуық асты безінің обыры бар пациенттерді емдеуде жоғары тиімді HIFU емдеу әдісі де, трансперинеалдық биопсия да қолданылады.
Профессорлар тобының айтуынша, Самсунг МО 2004 жылы Кореяда алғаш рет HIFU аппаратын енгізіп, 15 жылдық емдеу тәжірибесін жинақтады. Соның негізінде пациенттерге жекелендірілген ем ұсыну үшін жаңа емдеу әдістері үнемі енгізілуде. Самсунг МО HIFU аппаратын енгізіп қана қоймай, 2019 жылы халықаралық ғылыми журналда трансперинеалдық биопсия туралы 3 ғылыми мақала жариялап, тұрақты өсуді көрсетіп отыр.
Біздің байланыс деректеріміз :
📱Алматы: +7 775 607 4723
📱Нұр-Сұлтан: 8(775)000 26 55
📱Өскемен: +7 775 000 26 52
📱Атырау: +7 775 000 26 56
📱Оңтүстік Корея: Сеул қ., 010 5680 2257
📱Ресей, Мәскеу қ.: +7 906 087 9669
Instagram: koreavision.kz
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCC49awvXgURW-IsZZCSRIig