22.02.2022
Самсунг МО-да донорлық бауырға 300 лапароскопиялық резекция жүргізілді

Донорлық бауырға лапароскопиялық операция – күрделі операциялардың бірі, әдетте бүкіл әлемде донорға ашық қуыстық операция жасалады, алайда Самсунг МО-да донорлардың операцияларының басым бөлігі лапароскопия арқылы жүргізіледі.

Донорлық бауырға үш жүзінші лапароскопиялық операцияны жүргізген профессор Чхве Гю Сонг лапароскопиялық операция өте кішкентай тыртық қалдыратынын, ашық қуыстық операциямен салыстырғанда ауырсынусыз өтетінін және донордың тезірек қалпына келіп, ауруханадан шығуына мүмкіндік беретінін айтты.

Сондай-ақ бауыр трансплантациясы тобы Британдық хирургия журналының соңғы нөмірінде зерттеу нәтижелерін жариялады, олар операция ұзақтығы қысқарғанын, донордың ауруханада жату уақыты да қысқарғанын, ал донор мен реципиенттегі асқынулар тең болғанын көрсетіп, донорға жасалатын лапароскопиялық операцияның қауіпсіздігін растады.

Самсунг МО Ағзаларды трансплантациялау орталығының бауыр трансплантациясы тобы мидың өлімі расталған донордан алғашқы бауыр трансплантациясын, Кореядағы алғашқы қансыз бауыр трансплантациясын, Кореядағы ең жас пациентке (3 ай) алғашқы бауыр трансплантациясын, тірі донордан бауыр фрагментін домино әдісімен трансплантациялауды (Domino LDLT) сәтті жүргізді және Кореядағы бауыр трансплантациясы саласында жетекші рөл атқарады.

Біздің байланыс деректеріміз :

📱Алматы: +7 775 607 4723

📱Нұр-Сұлтан: 8(775)000 26 55

📱Өскемен: +7 775 000 26 52

📱Атырау: +7 775 000 26 56

📱Оңтүстік Корея: Сеул қ., 010 5680 2257

📱Ресей, Мәскеу қ.: +7 906 087 9669

Instagram: koreavision.kz

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCC49awvXgURW-IsZZCSRIig