27.02.2022
Ішек обырының алдын алу өз қолыңызда

Кореяда колоректалдық обырдан болатын өлім алғаш рет асқазан обырынан болатын өлімнен асып түсті. Бұл ет өнімдері мен фаст-фуд сияқты майы және тағамдық талшықтары жоғары диетаның көбеюімен байланысты. Тоқ ‘және тік ішек обырын тек тұрақты эндоскопия жүргізу арқылы ерте анықтаған жағдайда ғана емдеуге болады. Алайда көп адамдар процедурадан қорқып және тазартуға арналған препаратты қабылдағысы келмегендіктен тексеруді ‘кейінге қалдырады

Ішек обырының себептері: тағамдық фактор, семіздік, алкоголь, темекі шегу, генетикалық фактор, ішектің қабыну аурулары және т.б.

Ішек обырына тексеру: құрсақ қуысы ағзаларының, кеуде қуысының, жамбастың КТ-сы және т.б.

Тоқ ішек обырын емдеу: хирургия (обыр жасушаларын хирургиялық жолмен алып тастау), химиотерапия, сәулелік терапия

Ішек обырының симптомдары:

1) Дефекациямен байланысты проблемалар, дефекация актілері санының және нәжіс сипатының өзгеруі

2) Диарея, іш қатуы, ішектің толық босамау сезімі

3) Қан немесе шырыш араласқан нәжіс

4) Ұзынша жіңішке нәжіс

5) Іш аймағындағы жайсыздық (ауырсыну, іштің кебуі)

6) Шаршау және тәбеттің төмендеуі, ас қорытудың бұзылуы, жүрек айнуы, құсу. Біздің байланыс деректеріміз :

📱Алматы: +7 775 607 4723

📱Нұр-Сұлтан: 8(775)000 26 55

📱Өскемен: +7 775 000 26 52

📱Атырау: +7 775 000 26 56

📱Оңтүстік Корея: Сеул қ., 010 5680 2257

📱Ресей, Мәскеу қ.: +7 906 087 9669

Instagram: koreavision.kz

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCC49awvXgURW-IsZZCSRIig