✅ 1 сәуірден бастап Корея үкіметі Кореяға келетін вакцинациядан өткен шетел азаматтары үшін карантинді (7 күн бойы өзін-өзі оқшаулауды) алып тастауды жоспарлап отыр.
❓ Қандай вакциналар? 💉
🔷️ Екпелер ДДҰ мақұлдаған 10 вакцинаның бірімен жасалуы тиіс: Modernа, Pfizer, Janssen (Johnson&Johnson), AstraZeneca, Novavax, Sinopharm, Sinovac, Covaxin, Covishield, Covovax.
❓ Вакцинация мерзімдері қандай? 📆
🔷️ Вакцинацияның жарамдылық мерзімі: екінші вакцинациядан кейін 14 күн өткен соң (Janssen – бірінші вакцинациядан кейін) 180 күн ішінде. Үшінші вакцинациядан өткендердің барлығы үшін жарамдылық мерзімі шектелмеген.
❓Не істеу керек? 📑
🔹️ 1) Вакцинация тарихын Кореядағы Карантиндік ақпаратты алдын ала енгізу жүйесіне (Q-CODE) енгізу қажет. 🔹️ 2) Вакцинация туралы сертификатты ұсыну.