❓Кім визасыз келе алады?
✔️ Оқу, емделу🚑 немесе шұғыл гуманитарлық мақсаттағы сапарларға рұқсат етіледі (елге туризм мақсатында кіруге әзірге тыйым салынған).
❓Елде қанша уақыт болуға болады?
✔️ Қазақстан азаматтары – 30 күннен аспайды.
❓COVID-19-ға ПТР-тест тапсыру қажет пе?
✔️ Иә. Оңтүстік Кореяға бару үшін келуге дейін 48 сағат ішінде ПТР-тест жасау қажет. Елге келгеннен кейін тағы бір тест тапсырып, нәтижесіне қарамастан өз есебіңізден 7 күндік карантин сақтау керек (яғни ДДҰ мақұлдаған препараттармен вакцинациядан өтпегендер)
❓Визасыз кіруді қалай рәсімдеуге болады?
✔️ Korea Electronic Travel Authorization K-ETA электрондық авторизация жүйесінде тіркелу қажет. Тіркелу шарттарымен мына сайтта таныса аласыз: https://www.k-eta.go.kr/portal/apply/index.do