20.07.2017
"Каннын Асан" клиникасының қайырымдылық бағдарламасы

Емделуге мұқтаж шетелдік пациенттерге көмектесуді мақсат ететін жыл сайынғы медициналық қайырымдылық бағдарламасы аясында Оңтүстік Кореядағы «Каннын Асан» медициналық орталығына «KoreaVisionTour» компаниясымен бірлесіп өтінімдер қабылдау басталғанын жариялаймыз.

Қатысуға қажетті құжаттар:

✓Ағылшын немесе корей тіліне аударылған үзінділер мен суреттер

✓Аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама

✓Пациенттің және ата-анасының хаты

Бағдарлама бойынша аурухана пациенттің және оған ілесіп жүретін адамның барлық шығындарын төлейді (екі жаққа әуе билеті, көлік, ауруханаға жатқызу және операция шығындары).

Қатысудың негізгі шарттары:

✓Пациент Қазақстан азаматы болуы тиіс;

✓Бір операция арқылы емделуге болатын пациент немесе операциядан кейін белгілі бір жақсаруды күтуге болатын пациент;

✓Аз қамтылған отбасы мәртебесі;

✓Құжаттарды 04/08/2017 жылға дейін тапсыру;

Аурулар бойынша сәйкес топтар:

✓Ортопедиялық хирургия: гонартроз, омыртқа өзегінің стенозы;

✓Жүрек-қантамыр хирургиясы: стенокардия, миокард инфарктісі, жүрек қақпақшаларының ауруы, облитерациялық атеросклероз, Бюргер ауруы;

✓Хирургия: холелитиаз, холецистит;

✓Офтальмология: катаракта

✓Кардиология: Стенокардия

Алматы: 250 1242; +77756074723. info@koreavision.kz

Астана: 784 997; +77750002655. astana@koreavision.kz

Ақтау: 340 525; +77776308288. kvt.aktau@inbox.ru