Сеулдегі Қасиетті Мария католиктік госпиталі АҚШ-тың өзі қызығатындай Кореядағы шұңқыр кеудені емдеудің жаңа хирургиялық әдісімен бөлісті
Сеулдегі Қасиетті Мария католиктік госпиталінің торакалдық хирургия бөлімшесінің профессоры Пак Хёнг Джу АҚШ-тағы Бостондағы Гарвард университеті жанындағы Массачусетс штатының Орталық ауруханасы (Massachusetts General Hospital) мен Бостон балалар ауруханасының (Boston Children’s Hospital) аумағында кездесу өткізіп, онда кеуде қуысының шұңқыр тәрізді деформациясын емдеудің қауіпсіз әрі тиімді хирургиялық әдістері туралы соңғы жаңалықтармен бөлісті.
Шұңқыр кеуде – кеуде алдыңғы қабырғасының туа біткен даму ақауы, ол төс-қабырға шеміршектері мен қабырғаларды қамтитын, пішіні мен тереңдігі әртүрлі төстің ішке батуы болып табылады. Ауру айтарлықтай кең таралған болып саналады және шамамен 1 000 адамның 1-інде кездеседі. Ауруды тиісті түрде емдемеген жағдайда пневмонияның, жұқпалы аурулардың даму, физикалық өсудің баяулау, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдерде эмоционалдық бұзылулардың қаупі артады. «Насс» операциясы (шұңқыр кеудені түзету операциясы) алғаш рет АҚШ-та әзірленген, алайда бұрынғы хирургиялық емдеу әдістеріндегі қиындықтарды еңсере алмай, жақсы нәтиже бермеді. Профессор Пак Хён Джу жаңа технология мен әдістеме (Пак техникасы) әзірлеудің арқасында түзеткіш пластинаның ығысуынан туындаған сәтсіз операция әрекеттерін толығымен еңсерді. Ол кеуде қабырғасының қисайған пішінін қалыпты күйге дейін қалпына келтіре алатын бірегей хирургиялық әдісті ойлап тапты.
Қазіргі уақытта Кореядағы кеуде қуысының шұңқыр тәрізді деформациясы бар пациенттердің шамамен 70%-ына операция жасайтын профессор Пак соңғы 20 жылда шұңқыр/қайық тәрізді кеуде деформациясын қалпына келтіру бойынша барлығы 5 000-нан астам операция жүргізді, оның ішінде пластина орнату бойынша 3 200 операция және оны алып тастау бойынша 2 500-ге жуық операция бар, бұл тек ел бойынша ғана емес, әлем бойынша да ең жоғары көрсеткіш. Бұл дәріс профессор Пак Хён Джу әзірлеген хирургиялық әдістің бірегейлігі мен қауіпсіздігін мойындап, қалыптасқан мәселелерді шешуге ниет білдірген АҚШ-тың континенттік бөлігінің медицина қызметкерлерінің өтініші бойынша ұйымдастырылды. Профессор Пак деформацияланған кеуде қуысын түзетуге және оның бастапқы пішінін қалпына келтіруге бағытталған шұңқыр кеудені емдеудің өзіндік қауіпсіз әрі тиімді хирургиялық әдісі туралы дәріс оқып, аудиторияның назарына болашақтағы шұңқыр кеудені емдеудің жаңа әдістерін ұсынды. Жаңа технологияларға деген реакция жарылыс тәрізді болды.
АҚШ торакалдық хирургиясының гуруы – доктор Мэтисэн (Dr. Mathisen) де осы дәріске қатысып, мақтау сөзін аямады. Қосымша талқылау өткізу туралы өтініш бойынша қатысушылар орнын ауыстырып, қызу талқылауды жалғастырды, бұл қатысушыларға «жаңа білімге деген шөлін» ішінара болса да «қандыруға» мүмкіндік берді. Профессор Пак әзірлеген операция әдісі АҚШ-тың жетекші медицина қызметкерлері арасында үлкен қызығушылық тудырып, зерттеу нысанына айналды, өз кезегінде қатысушылар деформацияланған кеудені түзету операцияларының болашағы үшін тұрақты негізде өзара алмасу мен ынтымақтастықтың қажеттігі туралы бір пікірге келді. Профессор Пак Хён Джу өзі үшін «бұл дәрістің өте маңызды екенін, өйткені (Кореяда әзірленген) хирургиялық емдеу әдісі ең үздік деп танылып, әлемдегі ең үздік саналатын АҚШ мамандары оны қабылдағанын» айтты.
Ол былай деп бөлісті: «бұл тек кішкене бөлігі ғана болса да, еліміздің медицина деңгейі АҚШ-тағы медицина деңгейімен салыстыруға келетініне, ал кейде одан да жоғары болуы мүмкін екеніне мақтаныш сезімін сезінуге мүмкіндік берді». Ол былай деп қосты: «болашақта халықаралық алмасуды жолға қою арқылы ең үздік емдеу әдістерімен бөлісу және пациенттерге қажетті емді алуға шын жүректен көмектесу үшін барлық күш-жігерді салуға дайынмын». Біз 32 пациент үшін жеке хирургиялық емдеу жүргізудің теориясы мен техникасын әзірледік, оларды алғаш рет теориялық тұрғыдан шұңқыр кеуде (батыңқы кеуде), қайық тәрізді кеуде (құс кеуде), аралас типтегі операция әдістері ретінде тұжырымдадық, оларға асимметриялық хирургия әдістері, шұңқыр кеуде, қайық тәрізді кеудесі бар ересектерге арналған операция әдістері кіреді. Біз жүргізілген операциялардың нәтижелерін жергілікті және шетелдік мамандарға көрсете отырып, басқа елдердің аумағында үлгілі операциялар жүргізе отырып, медициналық технологиялар саласында алмасуды және шетелде шұңқыр кеудені түзету операцияларын трансляциялауды жолға қоюға ұмтыламыз.
📱Алматы: +7 775 607 4723
📱Нұр-Сұлтан: 8(775)000 26 55
📱Өскемен: +7 775 000 26 52
📱Атырау: +7 775 000 26 56
📱Оңтүстік Корея: Сеул қ., 010 5680 2257
📱Ресей, Мәскеу қ.: +7 906 087 9669
Instagram: koreavision.kz
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCC49awvXgURW-IsZZCSRIig